QAZAQ AIR әуе компаниясы Қарағанды – Түркістан бағыты бойынша субсидияланған рейстерді орындауды жалғастыруда. Әуекомпания жолаушыларға өңірлер арасындағы ыңғайлы әуе қатынасын ұсынады. Енді Қазақстанның тарихи орталығына ұшақпен небәрі 1 сағат 50 минутта жетуге болады.
Неліктен бұл бағытты таңдаған жөн?
- Уақыт үнемдеу – ұшу уақыты 1:50 мин;
- Жайлы әуе сапары – заманауи ұшақтар мен ыңғайлы уақыт;
- Қолжетімді баға – билет бағасы бар болғаны 20 000 теңге;
- Ыңғайлы шарттар – ұшу күнін өзгерту және қайтару тегін.
Рейстер кестесі:
- Дүйсенбі:
- IQ 441 Түркістан (09:50) – Қарағанды (11:40)
- IQ 442 Қарағанды (12:20) – Түркістан (14:00)
- Сәрсенбі:
- IQ 441 Түркістан (12:10) – Қарағанды (14:00)
- IQ 442 Қарағанды (14:40) – Түркістан (16:40)
«Біздің мақсатымыз – Қазақстан бойынша сапарларды барынша ыңғайлы және жылдам ету. Қарағанды – Түркістан рейсі жолаушыларға тарихи қалаға жайлы әрі уақытты тиімді пайдалана отырып жетуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті QAZAQ AIR.
Билеттерді flyqazaq.com ресми сайтында және әуе компаниясының сату кеңселерінде брондап, сатып алуға болады.