Байқаудың тақырыбы: “Qazaqair-7 жыл”
QAZAQAIR АҚ (әрі қарай – Әуекомпания) БАҚ қызметкерлері, журналистер мен блогерлер арасында “Qazaqair-7 жыл” тақырыбында Әуекомпания қызметін үздік жариялау конкурсын жариялайды.
Өткізу тәртібі: БАҚ қызметкерлерінің (баспа және / немесе электрондық форматта), журналистердің, блогерлердің Әуекомпанияны еске салатын авторлық материалдары БАҚ-да жариялануы / 2022 жылғы 15 тамызға дейінгі мерзімде әлеуметтік желілерге шығарылуы тиіс.
Конкурсты өткізу мерзімі: 2022 жылғы 27 маусым – 15 тамыз аралығы. Жеңімпаздарды марапаттау 2022 жылдың 26 тамызында Әуекомпания кеңсесінде (мәжіліс залы) өтеді.
Қатысу шарттары және жүлделі орындар: конкурсқа қатысуға 2022 жылғы 27 маусым мен 15 тамыз аралығында әлеуметтік желілерде жарияланған немесе шығарылған БАҚ қызметкерлерінің, журналистердің, блогерлердің авторлық жұмыстары жіберіледі. Авторлық жұмыстар қалың оқырман/көрермен аудиториясына бағытталуы тиіс. Материалдар қазақ және орыс тілдерінде жарияланады / шығарылады.
Критерийлер: конкурсқа ұсынылған материал мәлімделген тақырыпқа сәйкес келуі тиіс.
Техникалық талаптар: жарияланым көлемі бос орындармен қосқанда 5000 белгіден кем емес болуы; бейнематериалдың хронометражы 1,5 мин кем емес болуы; әлеуметтік желілерде (автордың немесе оның серіктесінің / жұмыс берушінің қолданыстағы бетінде) жарияланым фото және / немесе бейнеден, мәтін – 200 белгіден тұратын міндетті түрде Әуекомпанияны еске салатын және #qazaqair_official#хэштегімен болуы тиіс. Өтінім келесі электронды мекенжайға жіберіледі: pr@flyqazaq.com
Қазылар алқасы: жұмыстарды QAZAQAIR АҚ құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінен құралған қазылар алқасы бағалайды.
Жүлде қоры:
1-орынға – екі жаққа таңдалған бағыт бойынша авиабилеттер;
2-орынға – таңдалған бағыт бойынша бір тегін билет екінші авиабилетке 70% жеңілдік;
3-орынға – таңдалған бағыт бойынша бір тегін билет екінші авиабилетке 50% жеңілдік.
Саяхат кезеңі: 2022 жылдың қазанынан желтоқсанына дейін.