Жүкті әйелдер

Жолға шығар алдында міндетті түрде дәрігермен мүмкін болатын қарсы көрсетілімдер туралы кеңесіңіз, оның алдағы жол сапарына қатысты нұсқауларын алыңыз.

Жүкті әйелдерге рейске тіркеу басталар алдында келген дұрыс. Жүкті әйелдерге төмендегі шарттарға сәйкес ұшуға рұқсат етіледі:

Жүктілік мерзімі:

  • 22 аптаға дейінгі жүкті әйелдер алмасу картасын және дәрігер қорытындысын көрсеткен жағдайда.
  • бір ұрықты жүктілік кезінде 22 аптадан 34 аптаға дейін қоса алғанда, алмасу картасын ұсынған кезде және денсаулық жағдайы қанағаттанарлық болған жағдайда, бұл жүктілік мерзімі мен денсаулық жағдайы туралы медициналық ұйымның анықтамасымен расталуы тиіс.
  • көп ұрықты жүктілік кезінде 22 аптадан 32 аптаға дейін қоса алғанға дейін алмасу картасы және жүктілік мерзімі мен қанағаттанарлық денсаулық жағдайы туралы медициналық ұйымның анықтамасы болған жағдайда тасымалданады.
  • бір ұрықты жүктілік кезінде 34 аптадан аcқан, ал көп ұрықты жүктілік кезінде 32 аптадан аcқан жүкті әйелдер м. а. бұйрығымен бекітілген дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысын ұсынады. Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген тасымалдау басталғанға дейін кемінде 30 күнтізбелік күн бұрын медициналық ұйымның ресімдеуіне жол берілетін өзінің денсаулық жағдайы туралы № 0026/у нысанды.

Назар аударыңыз!

Егер жоғарыда аталған құжаттар (алмасу картасын, дәрігер қорытындысы, т.б.) электронды түрде - фотосурет ұялы телефонда немесе басқа электрондық құрылғыда ұсынылған болса, авиакомпания жүкті әйелдерге тасымалдаудан бас тартуға құқылы.

Назар аударыңыз!

Авиакомпания жүкті әйелдерге, егер босанудың басталу мерзімі таяудағы 7 күнтізбелік күнде күтілетін болса, № 026/у бекітілген нысандағы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы болған жағдайда да тасымалдаудан бас тартуға құқылы.
  • Егер жүктілік кезінде асқынулар болса, әуе тасымал көлігімен саяхатқа шығар алдында дәрігермен кеңесу керек.
  • Босанған әйелдер босанғаннан кейін және жаңа туылған балалар бала дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы 7 күнтізбелік күн ішінде тасымалдауға алынбайды.
  • Әуе сапарына қарсы көрсетілімдерінің жоқ екендігі туралы емдеу мекемесінің медициналық қорытындысын және алмасу картасын көрсеткен жағдайда, жүктілік мерзімі 34 апта аспайтын жүкті әйелдерге ұшуға рұқсат етіледі.
  • Жаңа дүниеге келген балаларға 7 күннен кейін ұшуға рұқсат беріледі.
  • Ұшақ бортындағы сәбилердің рұқсат етілетін саны – 8, бесіктер қарастырылмаған.
  • Егер баратын елдің  көші-қон заңнамасының талаптары қажеттілік болған жағдайда, әуе компаниясы жүкті әйелді тасымалдаудан бас тартуға құқылы.

Жүкті әйелді тасымалдау Тасымалдаушы Жолаушы алдында Жолаушы және ұрық үшін тасымал кезінде және тасымал салдарынан пайда болуым мүмкін жағымсыз салдар үшін жауапты болмайды деген шарттар негізінде жүзеге асады.

Ұшақ бортында мамандандырылған медициналық көмек көрсету мүмкіндігі жоқ, сондықтан да сіздің жеке қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етуге бағытталған, Әуе компаниясының талаптарына түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.