Жүк

Жүкті тегін алып жүру нормасы тариф ережелерімен анықталады:

  • Алдын ала,  рейс ұшуына кем дегенде 1,5 сағат қалғанда рейске тіркеу және жүкті рәсімдеу процедураларынан өту үшін жолаушыларды тіркеу орнына келуді ұсынамыз.
  • Рейске тіркеу және жүктерді қабылдау рейстің ұшу уақытына 40 минут қалғанда аяқталады.
  • Егер сізге қосымша жүк орны керек болса, оны алдын ала қосымша ақыға жеңілдікпен немесе әуежайда тіркеу кезінде сатып ала аласыз.
  • Егер сіздің жүгіңіз салмақ бойынша үстеме мөлшерден асып кетсе, сіз артық салмақтың әр килограмын әуежайда тіркеу кезінде қосымша ақыға сатып ала аласыз.

Халықаралық рейстерде ұшу әуежайында қосымша қызметтер үшін ақы төлеу кезінде, қызмет көрсететін компания жағынан сервистік ақы алынатынын хабарлаймыз.

Бір жолаушыға қосымша жолжүктің барынша рұқсат етілген саны – 4 орын.

Салмағы 32 кг-нан асатын жолжүк қабылданбайды.

Нормативтен жоғары жүкке төлем жасау кезінде үнемдеңіз.

Келесідей нұсқалардың бірін пайдаланыңыз:

Қосымша багаждың құны

Ішкі рейстер

Халықаралық рейстер

Субсидияланған рейстер үшін артық салмақтың әр килограммы үшін 150 теңге алынады.

Ескерту:

  • 1 ересек жолаушыға тіркелген алып өту жүгінің салмағы 32 кг-нан аспауы керек.
  • Нормативтен жоғары жүкті алып жүру үшін төленген ақшаны қайтару рейске тіркеу аяқталғанға дейін жолаушының сұранысы бойынша жүзеге асады.
  • Егер тасымалдау шарттары өзгертілсе, қосымша багаж қызметі айыппұлсыз қайта шығарылуы мүмкін.
  • Жеңілдік ұшақ салонында жануарларды тасымалдауға жарамайды.

Қол жүкті тегін алып жүру нормасы тариф ережелерімен анықталады:

  • Егер сіздің қолжүгіңіз салмақ бойынша үстеме мөлшерден асып кетсе, сіз әр салмақ килограммды әуежайда тек тікелей рейстерде тіркеу кезінде қосымша ақыға сатып ала аласыз. Транзиттік рейстерде қол жүгінің қосымша орны үшін төлем әр рейс үшін бөлек алынады.

Егер сіздің қолжүгіңіз жүктің тегін мөлшерінен асып кетсе, сіз тек тікелей рейстерде жәрдемақыны көбейте аласыз:

Келесідей нұсқалардың бірін пайдаланыңыз:

Жоғарыланған қол жүк құны:

Жоғарыланған қол жүк құны – халықаралық рейстерде:

  • Субсидияланған рейстер үшін артық салмақтың әр килограмы үшін 150 теңге алынады.

Ескерту:

  • 1 ересек жолаушыға тіркелген алып өту қол жүгінің салмағы 10 кг-нан аспауы керек. 
  • Нормативтен жоғары қол жүкті алып жүру үшін төленген ақшаны қайтару рейске тіркеу аяқталғанға дейін жолаушының сұранысы бойынша жүзеге асады.
  • Егер тасымалдау шарттары өзгертілсе, қосымша қол жүк қызметі айыппұлсыз қайта шығарылуы мүмкін.

Сіздің ақпаратыңыз үшін:

  • Жолаушылар ұшақ салонында тасымалданатын жеке мүлкі мен қол жүгіне өздері жауапты болады.
  • Жеке мүлік және қол жүгі жоғалған, бүлінген, ұрланған, жойылған жағдайларда, егер аталған жағдайлар Тасымалдаушы мен оның қызметкерлерінің немесе агенттерінің тарапынан болған әрекеттердің дәлелденген нәтижесі болса, Тасымалдаушы жауапкершілікке тартылады; бұл жағдайда Тасымалдаушының жауапкершіліголаушыларды және жүкті тасымалдауттарында көрсетілген сомамен шектеледі.

Тегін жүк алып жүру нормасынан бөлек, жолаушы өзіне ұшу, қону немесе ұшу барысында өзіне қажет болатын келесідей, қолында және жүкке салынбаған заттарды алып жүре алады:

  • Әйелдер сөмкесін;
  • Қағаздарға арналған папка;
  • Пальто немесе жамылғы;
  • Жылы орамал;
  • Қолшатыр;
  • Ұшу кезінде оқуға арналған басылымдар;
  • Балалар тағамын және балалар жол бесігін;
  • Мүгедек арбасын;
  • Портативті компьютер. 

Қол жүгі, тіркелген жолаушы жүгі ретінде де тасымалдауға тыйым салынады:

  • ЖАРЫЛҒЫШ ЗАТТАР ЖӘНЕ ІШІНЕ ЖАРЫЛҒЫШТАР САЛЫНҒАН ЗАТТАР: жару құралдары, қару-жарақ, жарықтандырушы заттар және ракеталар;
  • ЖАРЫЛЫС ҚАУПІ БАР ЗАТТАР: от шашулар, петардалар, сигнал ракеталары, оқтар.
  • ТЕЗ ТҰТАНАТЫН ЗАТТАР: бензинді тұтатқыштар және жылыту құрылғылары, бояулар, сіріңке және «бенгаль оттары».
  • УЛЫ ЗАТТАР:  ағартқыштар, тотықтар.
  • СЫҒЫЛҒАН ЖӘНЕ СҰЙЫЛТЫЛҒАН ГАЗДАР: терең салқындатылған тұтанатын, тұтанбайтын, улы, бутан, оттегі, пропан, аквалангтарға арналған баллондар.
  • УЛЫ, УЛАУШЫ, ТІТІРКЕНДІРУШІ ЗАТТАР: инсектицидтер, гербицидтер, күшән, цианидтер.
  • КҮЙДІРГІШ МАТЕРИАЛДАР ЖӘНЕ КОРРОЗИЯҒА ҰШЫРАТУШЫ ЗАТТАР: қышқылдар, сілтілік қуат элементтері.
  • ТҰТАНАТЫН ҚАТТЫ ЗАТТАР МЕН СҰЙЫҚТЫҚТАР;
  • МАГНИТТЕНГЕН МАТЕРИАЛДАР;
  • РАДИОАКТИВТІ МАТЕРИАЛДАР;
  • ИНФЕКЦИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР: бактериялар, тірі вирустар.
  • СЫНАП және басқа да заттар, жоғарыда аталған заттардың, жүктердің қатарына енетін, тасымалдау қауіпсіздігінде күмән туғызатын және өртеу, жару  үшін қолдануға болатын немесе жолаушылар мен әуе кемесі экипажы мүшелерінің өміріне қауіп төндіруі мүмкін заттар.
  • ҚЫШҚЫЛДАНДЫРУШЫ МАТЕРИАЛДАР ЖӘНЕ ОРГАНИКАЛЫҚ ҚЫШҚЫЛДАР

БЕЛГІСІЗ ҚҰРАМДАҒЫ ЗАТТАР МЕН СҰЙЫҚТЫҚТАР: (бал, тосап және т.б.) зауыттық қаптамасы, сәйкес техникалық төлқұжаты және сертификаты жоқ қоспалар. 

Негізгі заттарды талап етілетін шарттарды сақтай отырып, әуе кемесінің бортында тасымалдауға рұқсат етіледі.

Суық қару және өткір заттар

Арбалеттер, су астында аң аулауға арналған қару, дойбы, қылыштар, тесак, наркескен, ауыр қылыш, семсер, сүңгі, қанжарлар, скальпельдер, конькилер, гарпундар, найзалар, жүздері атып шығатын, жабушы құлпы бар  аңшылық пышақтар – кесу және түйнеу жарақатын салуға болатын кез-келген өткір заттар.

Кескіш заттар: кеңсе пышағы, ет бөлуге арналған, бәкі, мұзды тесуге арналған, шаруашылық – тұрмыстық жүзінің ұзындығы 60 мм-ден асатын пышақтар (қайшылар), қаптамасыз жүздер

Бірге алып жүретін заттардаҚол жүгіндеЖүк ішінде
тыйым салынғантыйым салынғанрұқсат етілген



Отты және атыс қарулары

  • Отты қару
  • Пейнтболға арналған қару
  • Пневматикалық қару
  • Дабыл қаруы
  • Кесу қаруы
  • Старттық тапаншалар
  • Құрылыс тапаншалары
  • Атыс және отты қару бөліктері (оптикалық көздегіштерден басқа)
  • Кез-келген түрдегі ойыншық қарулар
  • Кез-келген қару имитациясы
  • Спортқа арналған амуниция (оқ салынған қораптар). Жеке мақсаттарға арналған аз мөлшердегі  матадан жасалған, ағаш немесе басқа да аз көлемді қаруды тасымалдауға арналған қаптамаға сенімді қапталған болуы керек. Жеке мақсаттарға арналған жалпы салмағы 5 кг (11 lb) амуниция.
Бірге алып жүретін заттардаҚол жүгіндеЖүк ішінде
тыйым салынғантыйым салынғанрұқсат етілген



Әртүрлі заттар

  • Көлемі бойынша алкоголь 24%дан жоғары, бірақ 70%дан аспайтын, 5л-ден сыйымдылығы төмен ыдыстардағы алкогольді сусындар, жолаушы жүгінде бөлшек саудаға арналған саңылаусыз тарада. Мұндай сусындардың бір адамға рұқсат етілетін таза салмағы 5 л. Көлемі бойынша құрамындағы алкоголь мөлшері 24%дан аспайтын алкогольдік сусындар, қаптама шектеулерінен басқа, қандай да бір шектеулерге ұшырамайды.
  • Радиоактивті емес дәрілер және дәретхана заттары, оның ішінде аэрозольдер. Қосымша қауіпсіз, спорттық және тұрмыстық мақсаттарда қолдануға арналған аэрозольдер тек тіркелген жүкте тасымалданады. Мұндай барлық өнімдердің әр тұлға үшін мұндай барлық өнімдердің таза мөлшері  2 кг немесе 2 л-ден аспайды және жекелеген өнімнің таза мөлшері  0,5 кг немесе 0,5 л аспауы керек.
  • Шашқа арналған лактар, лактар, одеколондар және дәрі-дәрмектердің құрамында спирт болса, тек тіркелген жүкте тасымалданады. Әр тұлғаға алып жүруге рұқсат етілген мұндай өнімдердің барлығының таза мөлшері  2 кг немесе 2 л және жекелеген өнімнің таза мөлшері  0,5 кг немесе 0,5 л аспауы керек.
  • Әуе компаниясының рұқсатымен медициналық мақсаттарға қажетті газтекті оттегісі немесе ауасы бар шағын баллондарды тасымалдау.
  • Бұрғы, ара, бұрама, сүймен, балғалар, қысқыш, кемпірауыз, жүкшығыр, ажыратқыш және сомынды бұрайтын кілт, күйдіру шамдары және т.б.
  • Балта және мұз шапқыштар.
  • Су асты шамдары және күйдіру шамдары тәрізді жылу бөлетін құрылғылары
Бірге алып жүретін заттардаҚол жүгіндеЖүк ішінде
тыйым салынғантыйым салынғанрұқсат етілген

Жолжүктің ақаулары (жөнелту, орын саны бойынша жетіспеушілік, бүліну) анықталған кезде, сондай – ақ жолжүк жоғалған жағдайда жолаушылар әуежайдың жолжүкті іздеу қызметіне-Lost&Found не әуекомпания өкіліне жүгінуі қажет.

Lost&Found қызметінің қызметкерлері (немесе әуекомпания өкілі) ақауларды (зақымдануларды), жолжүкті жоғалту немесе жолжүктің келмеу фактісін тіркейді, PIR актісі (коммерциялық акт) жасалады және жолаушыға беріледі.

Шағым info@flyqazaq.com электрондық поштаға жіберілуі керек. Қойылған талап жазбаша жазылуға және оны қарау үшін қажетті барлық мәліметтерді қамтуға тиіс.

  • PIR актісі (коммерциялық акт)
  • Брондау немесе билет нөмірі, бағыты және ұшу күні
  • Жолжүк белгісінің үзбелі талоны (тиісті сапаның көшірмесі)
  • Зақымдалған жолжүктің суреті

Шағым беру мерзімі:

  • Ішкі рейіс тасымалдау кезінде анықталған зақымдануын дереу хабарлау
  • Халықаралық рейістерді тасымалдау кезінде жолжүктің зақымдануын анықталған сәттен немесе жеті күн аралығында
  • Жолжүкті жеткізу мерзімі өткен жағдайда-жолаушы жолжүкті алған күннен бастап 21 күннен кешіктірмей