2021 жылғы 12 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әуежайларында жолаушыларға арналған Ashyq жобасы еңгізіледі.
Ashyq қосымшасын пайдалану жолаушылар, экипаж және әуежай аумағында жұмыс істейтін қызметкерлер үшін денсаулықты сақтаудың қосымша кепілі болып табылады.
Әуежай ғимаратына «сары» (вирус тасымалдаушымен байланыста болған адам) және «қызыл» (COVID-19-ға оң нәтиже) мәртебесі бар жолаушылар жіберілмейді.
Жолаушыларды тасымалдау ережелерінің өзгеруіне байланысты барлық қажетті процедуралардан өту үшін әуежайға ұшуға дейін екі сағат бұрын келуіңізді сұраймыз. Сондай-ақ, Ashyq қосымшасын алдын-ала орнатуды және мәртебеңізді өзіңіз тексеруді ұсынамыз. Сіз мұны ashyq.kz веб-сайтындағы QR кодты пайдалана отырып жасай аласыз.
Егер QAZAQ AIR жолаушыларын әуежайға жібермеген жағдайда (мәртебесі «сары» немесе «қызыл» болса), авиабилеттерді тарифтерді қолданудың қолданыстағы ережелеріне сәйкес айырбастауға немесе қайтаруға болады.
Әрбір жолаушының өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету QAZAQ AIR әуекомпаниясының басымдығы болып табылады.