Жолаушылардың ерекше санаттары

Көру және есту қабілеттері зақымдалған жолаушылар

Көру және есту қабілеттері зақымдалған жолаушылар өздерімен бірге жетекші итті алуына болады және оны біздің рейстерімізде тегін алып жүре алады.

Жетекші ит келесідей шарттар орындалған жағдайда жолаушылар салонында тасымалданады: жетекші иттің үйретілгендігі туралы сертификат, иттің қарғыбауы, тұмағасы болуы керек, ит өзі жетекшілік ететін жолаушының орындығының аяғына байланады.

Ит таза болуы керек, әуе кемесінің санитарлық және гигиеналық күйіне ұшу кезінде қауіп төндірмеуі керек, әуе компаниясы мен жолаушылардың мүліктеріне зия келтірмеуі тиіс.

Жетекші итті тасымалдау туралы тасымалды брондау кезінде және билетті сатып алу кезінде сату офисіне немесе +7 727 3561414  телефоны арқылы хабарлау керек.

Тіркеу және ұшу кезінде жетекші иттерді тамақтандыруға тыйым салынады!

Қозғалыс мүмкіндіктері шектелген жолаушылар

талған санаттағы жолаушыларды тасымалдау рейс ұшуына кем дегенде 24 сағаттан бұрын тасымалды брондау кезінде Әуе компаниясымен келісілуі тиіс

Әуе компаниясы жолаушыны тасымалдау кезінде немесе тасымалдаудан кейін, жолаушының денсаулық жағдайына байланысты болған мүмкін салдарды және/немесе денсаулығының нашарлауы үшін ешқандай жауапкершілік алмайды.

Саяхат Сіз үшін қолайлы болуы үшін, өтінеміз, ең алдымен:

Өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізбен кеңесіңіз;

Тікелей және кері бағыттардағы рейстерге билетті брондаңыз;

Брондау кезінде бізге мүгедектер арбасын пайдалану немесе пайдаланбайтыныңыз туралы хабар беріңіз;

Егер өзіңіздің арбаңызды пайдаланатын болсаңыз, бізге оның сипаттамалары жайлы ақпарат беріңіз (аккумулятор түрі, өлшемдері және т.б.)

Қауіпсіздік мақсаттарында мүгедектер арбасын рейстердегі тасымалдау келесідей әдістермен жүзеге асырылады:

Мүгедектер арбасының түріШектеулер
Жиналмалы арбаларМұндай түрдегі арбалар ерекше шектеулерсіз қабылданады
Ақпайтын батарейкалармен жұмыс жасайтын арбаларЕгер құрылымы батареяны алуға мүмкіндік беретін болса:
 
Батареяны ажырату қажет, содан кейін арба шектеусіз тасымалдана береді
 Алынған батарея берік, қатты қаптама жинағында тасымалданады
Кездейсоқ қысқа тұйықталуды болдырмас үшін аккумулятор қысқышын оқшаулау керек
 
Егер құрылымы батареяны алуға мүмкіндік бермейтін болса:
 
Кездейсоқ қысқа тұйықталудан қорғау үшін батарея клеммаларын оқшаулау қажет
Батареяны арбаға нық бекіту керек
Электрлік тізбектер тұйықталған болуы тиіс
Электролиттік (ағатын) батареялардан жұмыс жасайтын арбаларЕгер тік күйінде тиеу/ түсіру/ тасымалдау мүмкін болса, онда батареяны арбадан ажыратпауға болады. Сонымен бірге:
 
Кездейсоқ қысқа тұйықталудан қорғау үшін батарея клеммаларын оқшаулау қажет
Батареяны арбаға нық бекіту керек
Электрлік тізбектер тұйықталған болуы тиіс
 
Егер тік күйінде тасымалдау мүмкін болмаса, онда батареяны ажыратып алу керек.
 
Осыдан кейін арба шектеусіз тасымалдана береді
 Алынған батарея берік, қатты қаптама жинағында тасымалданады
 
Сонымен қатар:
 
Кездейсоқ қысқа тұйықталудан қорғау үшін батарея клеммаларын оқшаулау қажет
Батареяны контейнер ішінде тік күйінде орналастырып және батарея ішіндегі зат төгілген жағдайда барлық электролит мөлшерін сіңіріп алуға жеткілікті сорғыш материалмен жабу керек.



Барлық түрдегі мүгедектер арбалары тек тіркелген жүкте ғана тасымалданады.

Мүгедектер арбаларын тасымалдау, бекітілген жүкке үстеме түрде, тегін жүзеге асады.

Мүгедектер арбаларын тасымалдау талаптары «Әуе бойыша қауіпті жүктерді қауіпсіз тасымалдау бойынша техникалық нұқсаулықтармен» (Doc 9284 AN/905 ИКАО) реттеледі.  

Зембілдер

Qazaq Air әуе компаниясы, ұшақ ерекшеліктеріне байланысты, зембілдегі жолаушыларды тасымалдамайды