Жиі ұшатын жолаушыларға “Іскери әуе билеті”

“Іскери әуе билеті” — бұл іскер жолаушыларға арналған арнайы ұсыныс. Жол жүру билеті бағдарламаның бір бағыты бойынша ерекше шарттармен бірнеше рет ұшуға арналған.

“QAZAQ AIR” авиакомпаниясының “Іскери әуе билетіне” ерекше шарттармен 4 бағыт бойынша 2-ден 4-ке дейін бару-қайту рейсі кіруі мүмкін.

Ерекше шарттар

  • Жол жүру билетіне 2 немесе 4 бару-қайту рейсі кіруі мүмкін;
  • Жол жүру билетіне неғұрлым көп рейстер қосылса, бір сапар тарифі соғұрлым төмен болады;
  • Сатып алу кезінде тек бірінші ұшу күнін анықтау керек. Қалған билеттер ашық күнмен ресімделеді;
  • Жол жүру бойынша алғашқы сапар маршруттың кез келген қаласынан болуы мүмкін;
  • Ұшу күнін енгізу және өзгерту авиакомпанияның байланыс орталығында тегін жүргізіледі;
  • Билетке өзгерістерді ұшуға дейін 12 сағаттан кешіктірмей шексіз рет енгізуге болады.

“Іскери әуе билетінің” қолданылу мерзімі:

  • 2 “екі бірдей бағытқа” сапарлары – 2 ай;
  • 4 “екі бірдей бағытқа” сапарлары – 4 ай.

Бағдарламаның ұшу бағыттары және құны

Қалалар арасында2 екі бірдей бағытқа сапарлары*4 екі бірдей бағытқа сапарлары*
Астана – Алматы102 566 тг189 132 тг
Астана – Шымкент101 922 тг187 844 тг
Атырау – Ақтөбе74 182 тг132 364 тг
Астана – Ақтөбе103 188 тг190 376 тг
* Жол жүру бағасы барлық алымдарды ескере отырып, 1 жолаушыға көрсетілген.

Бағыттар бойынша “Іскери әуе билеті” бағытындағы бір ұшудың орташа бағасы:

Қалалар арасындаБір ұшу (2 сапар кезінде)Бір ұшу (4 сапар кезінде)
Астана – Алматы25 642 тг23 642 тг
Астана – Шымкент25 481 тг23 481 тг
Атырау – Ақтөбе18 546 тг16 546 тг
Астана – Ақтөбе25 797 тг23 797 тг

Шектеулер

  • “Іскери әуе билеті” ересек жолаушыларға ғана ресімделеді (балаларға жеңілдіктер қолданылмайды).
  • “Іскери әуе билетінің” бағытын өзгертуге тыйым салынады.
  • “Іскери әуе билетін” пайдалану электрондық билет купондарының жүру тәртібімен жүзеге асырылуы тиіс. Одан әрі тасымалдау үшін купондарды пайдалану реттілігі бұзылған Билет жарамсыз.

Іскери әуе билеті сатып алуға өтінімді авиакомпанияның байланыс орталығы арқылы немесе info@flyqazaq.com электрондық поштасы арқылы жасауға болады.

Іскери әуе билеті тарифтері мен рейс құны туралы толық ақпарат алу үшін сілтемені басыңыз.

# # #