«QAZAQ AIR» АҚ Жедел желісі!
«QAZAQ AIR» акционерлік қоғамы бизнес жүргізуде адалдық, айқындық және ашықтық қағидаттарын ұстанады және қызметкерлеріміз бен серіктестердің осы қағидаттарды ұстануына ерекше назар аударады.
Оңды имиджді одан әрі сақтау мақсатында, «QAZAQ AIR» АҚ компаниясының қызметіне қатысты заңдарды және/немесе тәртіп ережелерін бұзушылықтарды уақытылы анықтау және алдын-ала болдыртпау, сонымен қатар алаяқтық, сыбайлас жемқорлық, кемсітушілік, этикалық емес мінез-құлық және басқа да бұзушылықтарға қатысты істерді анықтау мақсатында Компания Этика және комплаенс сұрақтары бойынша желісінің іске қосылғаны туралы хабарлайды.
Этика және комплаенс сұрақтары бойынша желі тәуелсіз оператор, KPMG компаниясымен қызмет көрсетіледі және келесі қағидаттар бойынша жұмыс істейді:
– құпиялылық және анонимдік (өтініш берушінің талабы бойынша); және
– компанияның жауапты тұлғаларына кейіннен ұсына отырып, хабарламаларды 100% тіркеу және өңдеу.
Хабарламаларды барлық тұлғалар орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде келесі байланыс арналары арқылы бере алады:
Этика және комплаенс сұрақтары бойынша желі: 8 800 080 4747. (ҚР аумағында қоңырау шалу тегін) немесе
электрондық пошта: mail@sk-hotline.kz немесе
интернет-портал www.sk-hotline.kz немесе
WhatsApp мобильді қосымша: +7 771 191 8816
Этика және комплаенс сұрақтары бойынша желісі тәулік бойы, аптасына жеті күн жұмыс істейді (24/7). Сонымен қатар, оператор қоңырауларды дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00 мен 18.00 арасында қабылдайды. Қалған уақытта (мереке /демалыс күндерін қоса), телефон қоңыраулар хабарламаларды жазылу мүмкіндігімен бірге автожауапбергішке түседі. Жұмыс уақытынан тыс алынған хабарламалар, келесі бірінші жұмыс күнінде өңделеді.
Этика және комплаенс сұрақтары бойынша желісі Қоғам қызметкерлері үшін, сонымен қатар Компаниямен өзара әрекеттесетін үшінші тұлғаларға да (тапсырыс берушілер, мердігерлер және басқа мүдделі тұлғалар) қол жетімді.
Құпиялылық пен анонимділікті қамтамасыз ету үшін барлық келіп түскен хабарламалар сыртқы тәуелсіз Оператормен қабылданады және өңделеді. Оператор күн сайын келіп түскен хабарламалар туралы ақпаратты Комплаенс қызметіне күн сайын жібереді.
Егер сіз хабарлама жіберу кезінде өз деректеріңізді жария етпегіңіз келсе, олар тіркелмейді және Компанияға берілмейді. Дегенмен, сіздің хабарламаңызды тиімді және уақтылы өңдеу үшін сізден байланыс ақпаратын қалдыру сұралады.
Бұл ретте Этика және комплаенс сұрақтары бойынша желісіне жүгіне отырып, сіз сыртқы тәуелсіз оператор қызметкерлерінің Сіздің дербес деректеріңізді өңдеуіне және алынған деректерді сіздің өтінішіңіздің кәсіби және құпия қаралуын қамтамасыз ететін компанияның жауапты қызметкерлеріне беруге келісесіз.
Ынтымақтастық пен көмегініз үшін алғыс білдіреміз!
ЕСКЕРТПЕ:
Жедел байланыс желісі тек заңдарды және/немесе тәртіп ережелерін бұзушылықтар туралы, сонымен қатар алаяқтық, сыбайлас жемқорлық, кемсітушілік, этикалық емес мінез-құлық және басқа да бұзушылықтарға қатысты істерді туралы хабарлама алуға арналған.
Маңызды! Жедел байланыс желісі қызметкерлер мен контрагенттерге қысым жасау үшін қолданылмауы керек және/немесе оларды белгілі бір әрекеттерді жасаудан/бас тартуға мәжбүр етпеуі керек және жеке ішкі істерді шешу құралы ретінде қарастырылмауы керек.
Қызмет көрсетуге байланысты мәселелер бойынша, сондай-ақ «QAZAQ AIR» АҚ басшылығының атына ресми өтініш жасау үшін компанияның корпоративтік веб-сайтында көрсетілген байланыс деректерін пайдалану қажет. Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, тендерлік комиссияның, сараптама комиссиясының, сарапшының, «Самұрық-Қазына» АҚ тобы компанияларының электрондық сатып алу ақпараттық жүйесі операторының іс-әрекеттері мен шешімдеріне шағымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес zakup.sk.kz сатып алу веб-порталы арқылы беріледі.