Астана қаласының әуежайындағы полицияның желілік бөлімі жолаушылардың оларда жарылғыш құрылғылардың бар екендігі туралы жалған хабарлау фактілерінің жиілеуіне байланысты ескертеді!!!
Авиакомпания қызметкерлері авиациялық қауіпсіздік қағидаларына сәйкес жолаушыларда ұшуға тыйым салынған заттардың бар-жоғын, олардың атауын білуге міндетті. Кейбір жолаушылар жағдайдың салдары туралы ойланбастан «Бомба, граната және басқа да қоғамға қауіпті заттар бар ма?» деген сұраққа әзілмен жауап береді.
Естеріңізге сала кетейік, мұндай әрекеттер келесі салдарға әкеледі: жолаушыларды эвакуациялау, рейстерді кешіктіру, арнайы қызметтерді негізсіз мазалау және т.б., жалпы материалдық шығындарға әкеп соғады.
ҚР ҚК 273 бабына сәйкес дайындалып жатқан терроризм актісі туралы жалған хабарлау – 5 мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға, не сол мөлшерінде түзеу жұмыстарына, не 5 жылға дейінгі мерзімде бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығын айыруға жазаланады.
Сонымен қатар, қол жүгінде және тіркелген жол жүкте жарылғыш құрылғылар мен ату қаруының болуы туралы жалған мәліметтердің, тіпті ӘЗІЛ түрінде де жол берілмейтініне назар аударамыз!
Құрметті азаматтар, әуежайға барған кезде қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіретін мәлімдемелерден бас тартуды сұраймыз!