QAZAQ AIR әуе компаниясы елдің үздік өңірлік әуе тасымалдаушысы болып танылды
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында авиация саласындағы «Aviation Awards» марапаттау рәсімі өтті. Ол 2022 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұл жолы елордалық әуежайдың серіктес компаниялары тоғыз номинация бойынша марапатталды. «Марапаттау – бұл ынтымақтастық үшін және авиация саласын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіру», – деп атап өтті елордалық әуежай басшысы Дәулет Хамзин. Оның айтуынша, сыйлықтың басты мақсаты…