Сенат депутаттары QAZAQ AIR әуекомпаниясының қызметімен танысты
Жақында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Ғалиаскар Сарыбаев пен Амангелді Толамисов QAZAQ AIR отандық әуекомпанияның қызметімен танысты. Депутаттар ел азаматтарын алаңдататын мәселелерді, оның ішінде әуе билеттерінің бағасы, рейстердің уақтылы орындалуы және өңіраралық маршруттардың кеңеюі туралы бірқатар сұрақтар қойды. Депутаттардың сұрақтарына жауап бере отырып, әуекомпания басшысы Еркін Наурызбаев 2023 жылы рейстерді уақтылы орындау көрсеткіші 77% құрағанын…