Үздік маман

«Самұрық-Қазына» қорының 12 өндіріс компаниясының әрқайсысында ішкі іріктеу өткізіліп, нәтижесінде үш үздік қызметкер таңдалды. Келесі аптаның соңына дейін үміткерлер жартылай финалға өту үшін дауысыңызды бере аласыз. Соңғы турға өткендер бейне форматта өздері туралы егжей-тегжей баяндап, жұмысына енгізген жаңашылдықты таныстырады. Үздіктері бағалы сыйлықтарға ие болады

Үміткерлер тізімі мен дауыс беру формасы туралы барлық жазбаны #Үздікмаман хэштегі арқылы оқи аласыз. Дауыс беріп, әріптестеріңізді қолдаңыздар!

Бекежан Ұлан Жанболатұлы, 28 жаста. QAZAQ AIR экипажды жоспарлау және жедел бақылау жасау бөлімінің бастығы. Еңбек өтілі – 9 жыл

Исламов Айдын Қуанышұлы, 25 жаста. QAZAQ AIR желілік техникалық қызмет көрсету бөлімінің B1 инженері. Еңбек өтілі – 7 жыл

Дәулетбай Зарина Салауатқызы, 29 жаста. QAZAQ AIR қызметкерлерді дайындау қызметінің апаттық-құтқару қондырғылары мен процедуралары бойынша инструкторы. Еңбек өтілі – 9 жыл

Дауыс беру сілтемесі @qazaqair_official профиль тақырыбында орналасқан

# # #