Қол жүгі, тіркелген жолаушы жүгі ретінде де тасымалдауға тыйым салынады:
- ЖАРЫЛҒЫШ ЗАТТАР ЖӘНЕ ІШІНЕ ЖАРЫЛҒЫШТАР САЛЫНҒАН ЗАТТАР: жару құралдары, қару-жарақ, жарықтандырушы заттар және ракеталар;
- ЖАРЫЛЫС ҚАУПІ БАР ЗАТТАР: от шашулар, петардалар, сигнал ракеталары, оқтар.
- ТЕЗ ТҰТАНАТЫН ЗАТТАР: бензинді тұтатқыштар және жылыту құрылғылары, бояулар, сіріңке және «бенгаль оттары».
- УЛЫ ЗАТТАР: ағартқыштар, тотықтар.
- СЫҒЫЛҒАН ЖӘНЕ СҰЙЫЛТЫЛҒАН ГАЗДАР: терең салқындатылған тұтанатын, тұтанбайтын, улы, бутан, оттегі, пропан, аквалангтарға арналған баллондар.
- УЛЫ, УЛАУШЫ, ТІТІРКЕНДІРУШІ ЗАТТАР: инсектицидтер, гербицидтер, күшән, цианидтер.
- КҮЙДІРГІШ МАТЕРИАЛДАР ЖӘНЕ КОРРОЗИЯҒА ҰШЫРАТУШЫ ЗАТТАР: қышқылдар, сілтілік қуат элементтері.
- ТҰТАНАТЫН ҚАТТЫ ЗАТТАР МЕН СҰЙЫҚТЫҚТАР;
- МАГНИТТЕНГЕН МАТЕРИАЛДАР;
- РАДИОАКТИВТІ МАТЕРИАЛДАР;
- ИНФЕКЦИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР: бактериялар, тірі вирустар.
- СЫНАП және басқа да заттар, жоғарыда аталған заттардың, жүктердің қатарына енетін, тасымалдау қауіпсіздігінде күмән туғызатын және өртеу, жару үшін қолдануға болатын немесе жолаушылар мен әуе кемесі экипажы мүшелерінің өміріне қауіп төндіруі мүмкін заттар.
- ҚЫШҚЫЛДАНДЫРУШЫ МАТЕРИАЛДАР ЖӘНЕ ОРГАНИКАЛЫҚ ҚЫШҚЫЛДАР
БЕЛГІСІЗ ҚҰРАМДАҒЫ ЗАТТАР МЕН СҰЙЫҚТЫҚТАР: (бал, тосап және т.б.) зауыттық қаптамасы, сәйкес техникалық төлқұжаты және сертификаты жоқ қоспалар.