Ұшақ бортында уақытылы көрсетілген медициналық көмек жолаушының өмірін сақтап қалды

2025 жылғы 10 қаңтарда QAZAQ AIR әуекомпаниясының Қызылорда – Астана бағыты бойынша №426 рейсінде жолаушы денсаулығының нашарлағанын хабарлады. Ұшу алдында бортсеріктер жағдайды бағалау үшін дәрігерді шақыруды ұсынды. Бірақ жолаушы медициналық көмекке мұқтаж емес екенін айтты.

Ұшақ рейсті орындай бастаған соң жолаушы су сұрады, бортсеріктер қажетті көмек көрсетті.

Экипаждың хабарлауы бойынша, отырғызудан 55 минут бұрын жолаушы жүрек аймағында қатты ауырсынуды сезінгенін айтты. Бортсеріктердің ұшақ кемесінде дәрігердің көмегі қажет екенін хабарлағанда Астана медицина университетінің 7 курс студенті Бектұрған Дінмұхамед бірден  көмекке келді. Ол жолаушының қан қысымын өлшеп, алғашқы медициналық көмек көрсете бастады. Біраз уақыттан кейін жолаушы есінен танып қалды. Бортсеріктер Аяулым Бейсенова мен Жанғабек Ақнұр мен елордалық академияның студенті бірден реанимациялық әрекетке кірісті, содан кейін жолаушы есін жиды. Төмендеу кезінде қайтадан өзін нашар сезінді. Астанаға келгеннен кейін жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді.

«Экипаждың жоғары біліктілігі мен іс-қимылдарының жеделдігінің арқасында жолаушыға уақытылы қажетті медициналық көмек көрсетілді. Әуекомпания өкілі жолаушымен хабарласып, қал-жағдайын білді. Ол өзінің жағдайы жақсы екенін айтып, қазір дәрігердің бақылауында екенін мәлімдеді. Сонымен қатар ол бортсеріктер мен Дінмұхамедке зор алғысын білдірді», – деп атап өтті әуекомпанияның ресми өкілі Ақбота Орынбаева.

QAZAQ AIR әуекомпаниясы Астана медицина университетінің 7 курс студенті Бектұрған Дінмұхамедке бортта көрсеткен көмегі үшін зор алғысын білдіреді.

# # #