“QAZAQ AIR” АҚ Басқарма мүшесі Қаржы директоры. |
|
«QAZAQ AIR» АҚ Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 17 қарашадағы шешімімен (№91 хаттама) «QAZAQ AIR» АҚ Қаржы директоры Әділбек Жұмабайұлы Өміралиев Басқарма мүшесі болып тағайындалды
«Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының 2024 жылғы 20 мамырдағы № 27/24 шешімімен Басқарма төрағасының міндеттерін уақытша орындау «QAZAQ AIR» АҚ Қаржы директоры – Басқарма мүшесі Өміралиев Әділбек Жұмабайұлына жүктелді.
«QAZAQ AIR» АҚ Директорлар кеңесінің 2024 жылғы 19 қыркүйектегі шешімімен (№102 хаттама) басқару мерзімі 2024 жылғы 8 желтоқсанға дейін ұзартылды.
Білімі:
2007 жылы «Есептеу математикасы және кибернетика» мамандығы бойынша М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірді.
2009 жылы «Қаржы» мамандығы бойынша Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін бітірді.
2014-2015 жылдары MBA бағдарламасы бойынша Еуропалық University Business School бітірді
2016-2018 жылдар, Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы – IATA Training Center, Airline Management Diploma
Жұмыс тәжірибесі:
04.2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін
«QAZAQ AIR» АҚ, қаржы директоры
(«QAZAQ AIR» АҚ Басқарма мүшесі – 04.2019 – 09.2020)
2010-2019 жж. «Самұрық-Қазына» АҚ Активтерді және көлік және логистика секторын дамыту департаментінің аға менеджері. 2015 жылдан бастап «QAZAQ AIR» АҚ құру және дамыту жобасы бойынша жұмыс істеп келеді, «QAZAQ AIR» АҚ Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау, тағайындау және сыйақы комитеттерінің мүшесі. 2014 жылдан бастап «Самұрық-Қазына» АҚ-ның кадрлар резервінде.
2009-2010 жж.
«Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ, Ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту департаментінің бас сарапшысы.
2007-2009 жж. «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ, «Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасының менеджері.