Топтық тасымалдау

Топтық сапарды брондауға өтініш

Бірге саяхаттайтын және 10 адамнан кем емес жолаушылар тобы үшін біздің авиакомпания арнайы тарифтерді пайдалануды ұсынады. Сіз топтық тасымалдау тарифтері бойынша барлық маршруттық желісіндегі  авиабилеттерге,  тек субсидияланған бағыттардан басқаларына тапсырыс бере аласыз.

Қызмет көрсету класы —экономикалық.

Біздің авиакомпаниямыздың  топтық тасымалдау тарифтері бойынша авиабилеттерге тапсырыс беру үшін сізге:

Сапарыңыз  туралы қысқаша ақпаратты info@flyqazaq.com электрондық поштасына жіберуіңіз қажет:

  • жолаушылар саны (ересектер және жасы көрсетілген балалар  саны);
  • ұшу әуежайы және ұшу күні;
  • ұшып келу әуежайы және ұшып келу күні;
  • жүктің болуы/болмауы;
  • өтініш берушінің аты-жөні;
  • агенттіктің немесе компанияның атауы, байланыс телефоны және  электрондық поштасы;
  • сапар мақсаты.

Біздің сату кеңсесінің  мамандары  жақын арада сізбен байланысады.

ШарттарыТоптық тасымалдаудың ерекшеліктері
Класс «Эконом»
Арнайы тариф10 адамнан кем емес  топтар үшін қол жетімді
ЖеңілдіктерРҚ бойынша ішкі рейстердегі балалар үшін – 2 жастан 14 жасқа дейін қоса алғанда-тарифтен 50%, 2 жасқа дейінгі балалар үшін – 100% (қосымша орынсыз);
Халықаралық рейстердегі балалар үшін – 2 жастан 11 жасқа дейін қоса алғанда – тарифтен 50%, 2 жасқа дейінгі балалар үшін – 100% (қосымша орынсыз).
Рейстің бағытын өзгерту
Рұқсат етілмейді
Күнді өзгертуАйыппұлмен рұқсат етіледі
Жолаушыларды ауыстыруКелісім бойынша рұқсат етіледі