Тариф ережелері

Айырбастау және қайтару шарттары , сондай-ақ қайтарым мөлшері сатып алынған тарифті қолдану ережелеріне байланысты.

Назар аударыңыздар!

Сегменттердің ретін өзгерту, сонымен қатар бір немесе одан да көп сегменттерді пайдаланудан бас тарту, ұшу шарттарының өзгерісі болып есептеледі және де ұшу құнының өзгерісіне әкеліп соқтырады.

  • Билетті ауыстыру кезінде ашық тарифтің құнына сай қосымша ақы төленуі тиісті.
  • Өзгертілген билетті қайтарған жағдайда айырбастау үшін айыппұл қайтаруға жатпайды.
  • Жайлы тарифі үшін ақша қайтарылған жағдайда, YQ және YR төлемдері толығымен қайтарылады. Қалған тарифтер үшін YQ және YR алымын қайтару жүргізілмейді.
  • Flyqazaq.com сайтындағы комиссиялық алым ақысы (3%) қайтарылмайды.
  • Жолаушы пайдаланбаған әуежай салығы қайтарылады.
  • Сату кеңселерінде билеттерді брондау кезінде алынатын комиссиялық алым ақысы (1500 теңге) қайтарылмайды.
  • «SMS-хабарлама» қызметінің құны қайтарылмайды.
  • Жолаушы толықтай немесе бірнеше сегменттен бас тартқан жағдайда, қайтарым құны билетті сатып алу кезіндегі қолданған тарифтің шарттарына сай орындалады.
  • Ақысы жоғары тарифке көтерілген билеттер үшін ақшаны қайтару бастапқыда жазылған билеттің тарифтік ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
  • Түйіспелі рейстердің бір бөлігі қолданған жағдайда, қайтарым қарастырылмаған.

Маңызды!

Барлық тариф бойынша әуебилетті қайтару 1 жыл ішінде жүзеге асырылады.

  • билетті мүлдем қолданбаған жағдайда, көшірмені алған күннен бастап есептеледі;
  • бір билетті қолданып, екінші билетті ауыстыру немесе қайтару кезінде, бірінші билеттің күні бойынша есептеледі.
Тариф шарттары2 екі бірдей бағытқа сапарлары4 екі бірдей бағытқа сапарлары
Рейсін / күнін / уақытын өзгертуАйыппұл төленбейдіАйыппұл төленбейді
ҚайтарымТариф құнының 30% есебінде айыппұл төленуі тиісті*Тариф құнының 30% есебінде айыппұл төленуі тиісті*
Рейске келмеген жағдайдаТариф құнының 30% есебінде айыппұл төленуі тиістіТариф құнының 30% есебінде айыппұл төленуі тиісті
Тарифтің мерзімі2 айдан аспауы тиісті4 айдан аспауы тиісті
Қол жүгін тегін тасымалдау нормасы5 кг аспауы тиіс, өлшемдері 40х25х20 см5кг аспауы тиіс, өлшемдері 40х25х20 см
Жүкті тегін өткізудің шарттары1 орын 23 кг1 орын 23 кг
Тарифтерді комбинациялауРұқсат етілмегенРұқсат етілмеген
Бағдарды ауыстыру
Рұқсат етілмеген

Рұқсат етілмеген
Борттық тамақАқылы қызметАқылы қызмет

* Ақшаны қайтару жолаушы кез келген уақытта (ұшу купонында көрсетілген күнге дейін немесе одан кейін) жарамдылық мерзімі ішінде байланысқан кезде жүзеге асырылады.

“Іскери әуе билеті” тарифінде балаларға жеңілдіктер жоқ.

Тарифтерді қолдану ережелерінің толық сипаттамасын мына жерден қараңыз.

Назар аударыңыз!

Маршрут сегменттерін кезектен тыс пайдалануға жол берілмейді. Егер сіз маршрут сегменттерінің бірін пайдаланбасаңыз, онда барлық келесі ұшу сегменттері жойылады.

Тарифтер ережесі

Билетті айыппұл санкцияларынсыз айырбастау/қайтару

Билет айырбастау мынадай жағдайларда тариф шарттарына қарамастан авиакомпанияның жақын арадағы рейсіне айыппұл санкцияларын және қосымша ақыны қолданбай жүргізіледі:

  • коммерциялық мақсаттағы рейстерді біріктіру;
  • рейсті тоқтату;
  • барлық рейстер үшін рейстің ұшуын 2 сағаттан артық кешіктіру (кідіріс себебіне қарамастан);
  • әуе кемесін отыратын орындары аз кемеге ауыстыру және орын беру мүмкін болмаған жағдайда;
  • жолаушының қосылатын рейстің кешігуі салдарынан рейске кешігуі, бұл ретте тасымалдаудың бірыңғай IQ бланкісінде немесе әртүрлі IQ бланкілерінде ресімделгені маңызды емес.

Айыппұл санкцияларынсыз қайтару келесі жағдайда жүзеге асырылады:

  • рейстің 3 сағаттан астам кешігуі (кешігу себебіне қарамастан);
  • медициналық қорытындымен расталған әуе кемесінде өзімен бірге жүретін жолаушының немесе оның отбасы мүшесінің қайтыс болуы (қайтыс болу туралы куәлік берілген кезде);
  • әуе кемесін отыратын орын саны аз кемеге ауыстыру және орын беру мүмкіндігі болмаған жағдайда;
  • сатып алынған билетке сәйкес жолаушыға тасымалдауды ұсыну мүмкін болмаған жағдайда;
  • авиакомпанияның бірыңғай бланкіде жазылған рейстердің түйісуін қамтамасыз етпеуі;
  • егер жолаушының IQ рейстеріне екі түрлі билеті болса және ресімделген билеттердің біреуі бойынша 3 сағаттан артық кідіріс болса немесе рейсті тоқтатқанда.

Тасымалдауды медициналық айғақтар бойынша қайтарған жағдайда Компания Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген медициналық құжаттаманы басшылыққа алады. Бұл жағдайда емдеуші дәрігер мен медициналық мекеменің мөрлері мен мөрлері нақты қойылған 027/е немесе 026/Е нысанындағы денсаулық сақтау ұйымының медициналық құжаттамасы талап етіледі.