«QAZAQ AIR» АҚ коммерциялық директоры – Басқарма мүшесі | |
«QAZAQ AIR» АҚ Директорлар кеңесінің 2024 жылғы 30 шілдедегі шешімімен (№ 101 хаттама) «QAZAQ AIR» АҚ коммерциялық директоры Сүлейман Үсенұлы Мирзаев Басқарма мүшесі болып тағайындалды.
«QAZAQ AIR» АҚ Директорлар кеңесінің 2024 жылғы 19 қыркүйектегі шешімімен (№102 хаттама) басқару мерзімі 2024 жылғы 8 желтоқсанға дейін ұзартылды.
Білімі:
2008 жылы Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжін «Компьютерлік бағдарламалық қамтамасыз ету және автоматтандырылған жүйелер» мамандығы бойынша бітірген.
2012 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бағдарламалық қамтамасыз ету, қолданбалы математика және информатика мамандығы бойынша бітірген.
2023 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін экономика мамандығы бойынша бітірген.
Жұмыс тәжірибесі:
2020 жылдың мамыры – қазіргі уақытқа дейін
«QAZAQ AIR» АҚ, коммерциялық директор
(«QAZAQ AIR» АҚ Басқарма мүшесі – 2024 жылғы 30 шілдеден бастап)
2019 жылдың қазаны – 2020 жылдың мамыры
«QAZAQ AIR» АҚ, Маршруттық желі бөлімінің бастығы.
2018 жылдың қаңтары – 2019 жылдың қыркүйегі
«SCAT Airlines» АҚ, Экипажды жоспарлау бойынша жетекші инженер.
2017 жылдың қаңтары – 2018 жылдың қаңтары
Southern Sky Airlines, Жоспарлау бөлімінде АӨДҚ (Аэропорттың өндірістік-диспетчерлік қызметі) ауысым бастығы лауамызын қоса атқарды
2013 жылдың наурызы – 2018 жылдың қаңтары
«SCAT Airlines» АҚ, АӨДҚ қызметіндегі ауысым бастығы.
2012 жылдың шілдесі – 2013 жылдың наурызы «SCAT Airlines» АҚ, АӨДҚ қызметінің операторы.