Құрметті жолаушылар, сіздер спорттық жабдықтарды тасымалдауға қатысты ақпараттармен танысып шыға аласыздар.
Жабдық | Ішкі бағыттарда тасымалдаудың құны (теңге) | Ішкі транзиттік сапарларда тасымалдаудың құны (теңге) | Арнайы шарттар |
Гольф | 10 000 | 15 000 | 1 Гольфқа арналған сөмке, оның құрамында гольф ойнауға арналған сырғытпа таяқтарының 1 жинағы, гольфқа арналған доптар және доптарға арналған тіреуіштер бар. Жалпы салмағы 15 кг аспауы тиіс. |
Велосипед | 10 000 | 15 000 | Бір жолаушыға тасымалдау үшін велосипедтің бір бірлігіне рұқсат беріледі. Тасымалдау үшін велосипедті алдын-ала дайындап қою қажет: велосипедтің тұтқасын жанынан бекіту, дөңгелектерінің қысымын түсіру және басқыштарды алып тастау керек. Велосипедті арнайы қорапқа қаптауға кеңес беріледі. Алдын-ала сұраныс қажет. Тандемге рұқсат берілмейді (екеуі немесе үшеуі үшін) |
Суға сүңгуге арналған жабдық | 10 000 | 15 000 | Суға сүңгуге арналған жабдықтың бір жинағына келесілер кіреді: жүзгіштігінің өтемдеуіші, реттеуіш, бетперде және тыныс алу түтігі, қос ескеаяқтар, жүктері бар ауырлататын белбеу. Тасымалдаған кезде аквалангтың баллондары бос, ал клапандары ашық болуы керек, Суға сүңгитін шам токсыз болуы тиіс, шам немесе аккумуляторды алып тастаған жөн, шамды тек қол жүгі ретінде ғана тасымалдауға болады. |
Сёрфингке арналған тақтайлар | 10 000 | 15 000 | тақтайлардың барлық түрлерін сенімді түрде қаптап, ұшақтың фюзеляж бөлігінің жүк бөлімінде тасымалдау үшін жүк етіп тапсыру керек. шарты – олардың ұзындығы 170 см. аспауы тиіс. |
Балық аулайтын құрал-сайман | 10 000 | 15 000 | Балық аулайтын саймандардың жинағы бір қармақтан, бір балық аулайтын сөмкеден тұрады. |
Шаңғылар | 10 000 | 15 000 | шаңғылардың 1 жұбы, шаңғы таяқтарының 1 жұбы, бәтеңкелердің 1 жұбы, 1 дулыға. шарты – олардың ұзындығы 170 см. аспауы тиіс. |
Сноуборд | 10 000 | 15 000 | 1 сноуборд , бәтеңкелердің 1 жұбы,1 дулыға. шарты – олардың ұзындығы 170 см. аспауы тиіс. |
Хоккей | 10 000 | 15 000 | хоккей жабдықтары бар 1 сөмке, қорғаныс жабдықтарының 1 жиынтығы (тізелерге, қолдарға және т.с.с. арналған), хоккей сырғытпа таяқтары, конькилердің 1 жұбы, 1 дулыға. |
Ескертпе: Спорттық құрал-саймандарды өткізу үшін төлем төлеу толық көлемде қайтарылуға жатады.
Егер жабдықты тасымалдау алдын ала брондалмаса және әуе компаниясымен расталмаса, әуе компаниясы спорттық жабдықтары бар жолаушыны тасымалдаудан бас тартуға құқылы, бұл ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету немесе әуе компаниясы немесе жолаушылардың мүліктеріне зиян келтірудің алдын алу үшін қажет. Спорттық жабдықты тасымалдау сұранысы ұшуға дейін 24 сағат бұрын қабылданады.