Қосымшалар:
Қосымшалар:
«QAZAQ AIR» АҚ сатып алуды «Самұрық-Қазына» АҚ еншілес ұйымдарының сатып алу процесін реттейтін нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырады.
Сатып алу жоспарлары, өткізіліп жатқан сатып алулар және сатып алу мұрағаты «Самұрық-Қазына» АҚ электронды сатып алу жүйесінде (ИСЭЗ) жарияланған.
Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарттарға стандарт қосымша. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ескерту
“QAZAQ AIR” АҚ аудиторлық қызмет көрсету үшін аудиторлық ұйымды таңдау рәсімін өткізу туралы хабарландыру
Тапсырыс беруші болып табылатын “QAZAQ AIR” АҚ “Самұрық-Қазына “ұлттық әл-ауқат қоры” акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде “Самұрық-Қазына” АҚ-ға меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен тиесілі заңды тұлғалардың сатып алуларын жүзеге асыру тәртібін басшылыққа ала отырып, 2022 жылғы 3 наурыздағы № 193 (бұдан әрі-тәртіп) 2024-2026 жылдарға аудиторлық қызмет көрсету үшін аудиторлық ұйымды таңдау рәсімінің өткізілгені туралы хабарлайды.
Тапсырыс берушінің атауы мен мекенжайлары: “QAZAQ AIR” АҚ, Астана қ., Мәңгілік Ел к-сі, 20 эл/мекенжай: dtatigulova@flyqazaq.com; байланыс телефоны: 8727 356 35 63 ішкі. 226.
1. Сатып алынатын аудиторлық және ілеспе қызметтердің сипаттамасы қатысушылардың құпиялылық туралы келісімге қол қойғаннан кейін олардың ресми сұрау салуы бойынша ұсынылатын аудиторлық ұйымды таңдау рәсіміне қатысуға сұрау салуда (бұдан әрі – қатысуға сұрау салу) баяндалған.
2. Қатысуға сұрау салудың көшірмелерін әлеуетті қатысушылардың уәкілетті өкілдері құпиялылық туралы келісімге қол қойылғаннан кейін Тапсырыс берушінің электрондық поштасына сұрау салу бойынша электрондық түрде ала алады.
3. Аудиторлық ұйымды таңдау бойынша конкурс өткізу мерзімдері:
– таңдау рәсімінде әлеуетті аудиторлық ұйымдардың конкурстық ұсыныстарын ұсынуға-аудиторлық ұйымды таңдау бойынша сатып алуды өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап 10 (оң күн) күнтізбелік күн ішінде 2024 жылғы 15 ақпанның сағат 10:00-ге дейін;
– 2024 жылғы 19 ақпан және 21 ақпан қоса алғанда аралығында ауызша презентациялар үшін кездесулер өткізуге.
4. Қатысушылардың ресми ұсыныстары Тапсырыс берушіге мөрленген конвертте ұсынылады және Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 20, с блогы, 7 қабат, сатып алу департаменті мекенжайы бойынша құжаттарды қабылдау тапсыру актісі бойынша қабылданады. Әлеуетті қатысушылар не олардың уәкілетті өкілдері ресми ұсынысты қолма-қол ұсынған кезде әлеуетті қатысушылар не олардың уәкілетті өкілдері әлеуетті қатысушының мүдделерін білдіретін тұлғаларға жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесімен бірге ресми ұсынысты ұсыну құқығына сенімхат ұсынуға тиіс.