Бүгін Астанада «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының 2022 жылы атқарған қайырымдылық жұмысының қорытындысы бойынша есеп беру шарасы өтті.
2022 жылы «Самұрық-Қазына» компаниялар тобы қайырымдылыққа жұмсалатын бюджетті 40%-ға, яғни 10 млрд теңгеге дейін арттырып, балалар мен Қазақстан аймақтарын қолдауға баса назар аударды. Бір жылда барлығы 43 әлеуметтік жоба жүзеге асырылып, 500 мыңға жуық қазақстандық көмек алды.
Жақын арада «Самұрық-Қазына» қоры таза табысының 7 пайызын «Қазақстан халқына» әлеуметтік қорына аудара бастайды. Алдын ала болжам бойынша, бұл шамамен 130 миллиард теңгені құрайды. Осылайша, «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының қайырымдылыққа жұмсайтын шығыны 13 есеге артады.