“QAZAQ AIR” АҚ инженері Мейірхан Мұхамбетов “Самұрық-Қазына” АҚ “Үздік маман-2023” компаниялар тобының мамандары арасында жыл сайынғы жобаға қатысып, 5-ші орынды иеленді.
Мейірхан Мұхамбетов финалға шығып, 250 компания мен 250 мың қызметкер арасында 5-ші орынды иеленді.
“Қордың 15 жылдығына орай өндірістік процестерді жақсартуға бағытталған 15 үздік жобаға байқау өткізілді. Онда жеңіске жеткен көптеген жобалар компаниялардың қызметінде қолданылуы мүмкін және “Самұрық-Қазына” кәсіпорындарының өнеркәсіптік алаңдарында қолданылып та келеді”, – деді “Самұрық-Қазына” АҚ басшысы Нұрлан Жақыпов марапаттау рәсімінде.
Айта кету керек, “Үздік маман” өндірісті дамытуға және әлеуметтік маңызы бар жобаларды құруға үлес қосуға дайын көптеген талантты қызметкерлерді анықтады. Мейірхан Мұхамбетов “Кәсіпорындардағы барлық көлік құралдарын газдандыру” жобасын ұсынған болатын. Газдандыруды енгізу кезінде зиянды шығарындылардың саны бірден 80% – дан астамға азаяды және метан іс жүзінде зиянды жану өнімдерін қалдырмайды.