«Самұрық-Қазына» АҚ инвесторлар консорциумымен «QAZAQ AIR» АҚ-ның акцияларын сатып алу-сату шартына қол қойылғаны туралы хабарлайды

2024 жылғы 24 желтоқсанда «QAZAQ AIR» АҚ-ны 2023 жылдың соңына 81 миллиард АҚШ долларын құрайтын Қазақстанның «Самұрық-Қазына» АҚ ұлттық әл-ауқаттың егеменді қоры (Қор) және «Central Asia Aviation Holdings Limited» ЖК (Sovico Group JSC вьетнамдық конгломератының тобына кіреді) және «Kazasia Holdings Limited» ЖК құрамындағы консорциум арасында бәсекелес ортаға беру шеңберінде міндетті транзакциялық құжаттар пакетіне, оның ішінде сатып алу-сату шартына қол қойылды.  Аталған шаралар Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысын іске асыру шеңберінде және Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2024 жылғы 20 желтоқсандағы және Қордың Директорлар кеңесінің 2024 жылғы 24 желтоқсандағы шешімдеріне толық сәйкес жүзеге асырылды. Сатып алу-сату шарты 2024 жылғы 27 желтоқсанда «QAZAQ AIR» акционерлік қоғамының акцияларын бәсекелес ортаға берудің кейбір мәселелері туралы» № 1130 Қазақстан Республикасы Үкіметінің жеке қаулысы қабылданғаннан кейін заңды күшіне енді.

Бұл ретте мәміле жабық болып есептеледі, ал акциялар тараптар келіскен барлық алдын ала шарттарды орындағаннан кейін инвесторлардың меншігіне беріледі.

Мәміленің мақсаты – азаматтық авиацияның отандық нарығын одан әрі дамыту, оның ішінде бәсекелестікті арттыру, Қазақстан Республикасынан/Республикасына халықаралық тұрақты рейстерді қарқындату, жұмыс орындарын құру және т.б. есебінен дамыту. Бұл ел экономикасының аралас секторларына да оң әсерін тигізеді деп күтілуде.

Әуе компания туралы

2015 жылы құрылған QAZAQ AIR қазіргі уақытта елдің шалғайдағы аудандарына бағыттарды қоса алғанда, ішкі тасымалдарға маманданған өңірлік әуе компания. Әуе компанияның флоты 1000 километрге дейінгі қашықтыққа рейстерді орындауға қабілетті бес турбовинттік Bombardier Dash 8-Q400 ұшағынан тұрады. 2024 жылдың қорытындысы бойынша QAZAQ AIR 600 000-нан астам жолаушыны сәтті тасымалдап, 21 миллиард теңгеге жуық табыс тауып, EBITDA көрсеткішіне 2 миллиард теңгеден астам сомаға жетті. Әуе компанияны одан әрі дамытуды қамтамасыз ету, авиация саласын нығайту және нарықтағы бәсекелестікті арттыру үшін жеке секторды және инвестицияларды тарту шешілді.

Сатып алушы екі ашық кезеңді конкурстан кейін бәсекелес іріктеу нәтижесінде таңдалды. Sovico Group JSC ұсынысы ірі инвестициялар мен әуе компанияны дамытудың ұзақ мерзімді жоспарын қамтитын неғұрлым тартымды болып шықты.

Sovico Group JSC және Kazasia Holdings Limited туралы

Sovico Group JSC –  авиация, банк, жылжымайтын мүлік салаларында, қаржы қызметтерінде, инновациялар мен жаңартылатын энергетикада тәжірибесі бар Вьетнамның ірі инвестициялық конгломераттарының бірі.  Топ өзінің үлестес тұлғаларымен бірге Оңтүстік-Шығыс Азиядағы жаңа буындағы ең табысты және танымал авиакомпаниялардың бірі VietJet Air-дің негізгі акционері. VietJet-тің табысты қызметі Sovico Group JSC-тің әуе компанияларды дамыту, флотты кеңейту және маршруттық желілерді жақсарту қабілетін растайды. Топтың қаржылық мүмкiндiктерi мен сенiмдi беделi оны Қазақстанның авиация саласындағы ұзақ мерзiмдi стратегиялық мақсаттарын iске асыру үшiн мінсіз таңдау етедi.

Kazasia Holdings Limited, толығымен қазақстандық компания, Қормен бірге QAZAQ AIR серіктестік және бірлескен басқару құру үшін Sovico Group JSC ұсынған болатын. Kazasia-ның мәміле құрылымында болуы QAZAQ AIR-ге тиімді ұлттық бақылауды және «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиациялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңына толық сәйкестікті қамтамасыз етеді.

Мәміленің негізгі шарттары

Сатып алу-сату шартының талаптарына сәйкес инвесторлар операциялық тиімділікті және ұзақ мерзімді орнықтылықты арттыруға назар аудара отырып, QAZAQ AIR стратегиялық трансформациясы мен дамуына ықпал ететін болады. Sovico Group JSC стратегиялық инвестор ретінде айтарлықтай инвестициялар мен кәсіби тәжірибе арқылы әуе компанияның өсуін қолдауға міндеттенеді. Бұл шаралар бәсекеге қабілеттілік пен қызмет көрсету сапасын арттыру үшін табысты франчайзингтік модель мен VietJet техникалық ноу-хауды пайдалана отырып, келесі бірнеше жыл ішінде 20 Boeing 737 Max немесе Airbus A321 ұшағына QAZAQ AIR паркін ұлғайту жөніндегі жоспарларды қамтиды. Мәміле QAZAQ AIR активтерінің құнын едәуір арттырады және оның Орталық Азияның жетекші әуе компаниясы ретіндегі ұстанымын нығайтады деп күтілуде.

 Қор мен Sovico Group JSC өтпелі кезеңде QAZAQ AIR-ді тиімді басқаруды қамтамасыз ету үшін ынтымақтасатын болады. Сатып алу-сату шарты Қордың үлесін әлеуетті болашақта сату мүмкіндігін көздейді. Келесі бес жыл ішінде Опциондық келісім шеңберінде Samruk-Kazyna QAZAQ AIR акцияларының қалған 49%-ын ұлттық иеленудің, тәуелсіздіктің және беделдің қатаң өлшемшарттарына сәйкес келетін жергілікті инвесторға немесе консорциумға сата алады.

Нұрлан Жақыпов, «СамұрықҚазына» АҚның Басқарма төрағасы: «Біз Қазақстанның авиациялық саласы үшін маңызды кезең болып табылатын мәміле бойынша транзакциялық құжаттарға қол қойылғанын жариялауға қуаныштымыз. Процесс ашық және айқын жүргізілді, бұл барлық мүдделі тараптар үшін ең жақсы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Бұл мәміле біздің саланың өсуі мен дамуына деген ортақ ұмтылысымызды көрсетеді, бұл ретте Sovico Group елеулі инвестициялар мен құнды тәжірибе әкеледі. Мәміле мен келіссөздердің кешенділігіне қарамастан, біз консенсусқа келдік және біз бұл серіктестіктің QAZAQ AIR-дің және бүкіл саланың болашағына оң әсерін тигізетініне сенімдіміз».

Др. Нгуен Тхань Хунг, Sovico Group JSC негізін қалаушы және төрағасы: «Біз өзіміздің Қазақстанда болуымызды нығайтып, еліміздің авиация саласын дамытуға өз үлесімізді қосқанымызды мақтан тұтамыз. Жаһандық көзқарасқа ие бола отырып, Sovico Group авиакомпания өзінің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуі үшін QAZAQ AIR-ді дамыту үшін қажетті ресурстар мен сараптамалар ұсынуды ұстанады. Біз осы маңызды серіктестік аясындағы сенім мен ынтымақтастық үшін Қазақстан Президенті мен Үкіметіне шын жүректен ризашылығымызды білдіреміз».

# # #