Самарқандқа QAZAQ AIR алғашқы мерекелік рейсі келді

22 наурызда сағат 21:20-да Самарқанд қаласының әуежайына QAZAQ AIR әуекомпаниясының IQ 509 рейсінің ұшағы қонды. Түркістаннан Самарқандқа мерекелік рейспен 66 жолаушы келді.

Самарқанд қаласының халықаралық әуежайы жаңа халықаралық рейстің лайнерін дәстүрлі су доғасымен қарсы алды. Түркістаннан келген жолаушыларды Самарқанд әуежайы өте жылы қарсы алды.

«Наурыз мерекесіне орай біз Өзбекстанның тарихи қаласына мерекелік рейстерді іске қостық. Түркі елдерінің екі бесігі арасындағы әуе қатынасы қарқынды мәдени алмасуға жол ашады. Екі мемлекет те Қазақстан мен Өзбекстан азаматтары үшін қолжетімді болатын тарих пен мәдени мұраға бай. Қала қонақтары жаңа туристік көкжиектерді аша отырып, бірегей мәдени ескерткіштер мен үздік дәстүрлерді тамашалай алады», – деп атап өтті QAZAQ AIR коммерциялық директоры Сүлейман Мирзаев.

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тұрақты әуе қатынасы 2024 жылдың мамыр айында қайта басталады. Бұл бағыт осы екі ел арасындағы тығыз байланыстарды одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді. Экономикалық ынтымақтастық, мәдени құндылықтармен алмасу, Іскерлік қатынастар және туризм — осы аспектілердің барлығы әуе тасымалының ыңғайлылығының арқасында айтарлықтай күшейтілетін болады. Түркі елдерінің екі бесігінің ынтымақтастығындағы жаңа кезең перспективалы және жемісті болуға уәде береді.

Түркістан-Самарқанд рейсі аптасына 2 рет орындалатын болады. Ұшу ұзақтығы – 1 сағат.

QAZAQ AIR – Қазақстанда және көрші мемлекеттердің шекаралас аумақтарында өңіраралық әуе қатынасының қолжетімділігі үшін ұйымдастырылған маршруттық желісі бар қазақстандық әуе компаниясы. Ол рейстерді жоғары халықаралық және Ұлттық ұшу қауіпсіздігі стандарттарына сәйкес орындайды. Компанияның хабы Астана қаласында орналасқан.

# # #