Әуе билетін пайдалану туралы растау анықтамасын алу үшін ref@flyqazaq.com электрондық поштаға сұрау жіберу қажет.
2021 ж. 1 қазанынан бастап растау анықтамасын ұсыну құны 2000 теңге.
ref@flyqazaq.com-ға хабарласқаннан кейін, рейсті растау анықтамасы сіздің электрондық поштаңызға 5 жұмыс күні ішінде жіберіледі.
Анықтама әуе билет сатып алынған валюта бойынша беріледі.
Растау анықтамасы сұрағанда, сіз өзіңіздің аты-жөніңізді, брондау нөміріңізді және жолаушы билетін көрсетуіңіз керек. Бұл ақпаратсыз өтініштер қарауға қабылданбайды.
Егер сұрау салуды үшінші тұлға жіберсе (мысалы, жолаушы жұмыс істейтін компанияның есепшісі), онда бұл сұраныс компанияның ресми бланкісінде жасалуы қажет. Бұл ақпаратсыз өтініштер қарауға қабылданбайды.
Рейстің кешігуін/тоқтатылуын растайтын анықтама алу үшін info@flyqazaq.com электрондық поштаға сұрау жіберу қажет.
info@flyqazaq.com электрондық поштаға өтініш бергеннен кейін рейстің тоқтатылғанын/кешіктірілгенін растайтын анықтама сіздің электрондық поштаңызға 5 жұмыс күні ішінде жіберіледі.
Әуе Компания анықтамалардың өзге түрлерін ұсынбайды, келіп түскен сұраулар қаралмайды.