QAZAQ AIR әуекомпаниясы ағымдағы су тасқыны жағдайына байланысты зардап шеккен аймақтарды қолдау мақсатында әуе билеттерін қайтару және қайта рәсімдеу шарттарын қайта қарады.
Әуекомпания Ақтөбе, Атырау, Орал, Петропавл және Қостанай қалаларына/қалаларынан 30 сәуірге дейін (алдыңғы хабарламада 21 сәуірге дейін болған) жоспарланған барлық рейстер үшін сатып алынған әуе билеттерінің құнын толық қайтару мүмкіндігін ұсынады.
Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін маршрутты 31 мамырға дейін қоса алғанда қосымша айыппұлсыз қайта рәсімдеу мүмкіндігі беріледі.
Сұрақтар туындаған жағдайда жолаушылар әуетасымалдаушының колл-орталығына келесі нөмір бойынша жүгіне алады: +7 727 356 14 14 немесе info@flyqazaq.com поштасына хабарлама жазуға болады.