QAZAQ AIR әуе компаниясы рейстерінің кешігуі туралы хабарлайды. Рейстер бойынша ақпарат жолаушыларға әуе билеттерін сатып алу кезінде көрсетілген деректемелер бойынша ұялы телефонға хабарламалар түрінде және электрондық пошта арқылы жіберіледі.
Кешіктірілген рейстердің жолаушыларына Жолаушыларды тасымалдау ережелеріне сәйкес арнайы қызметтер ұсынылады”, – деп хабарлайды QAZAQ AIR баспасөз қызметі.
QAZAQ AIR әуе компаниясы орын алған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды. Сонымен қатар, әуе компаниясы үшін жолаушыларды тасымалдаудың қауіпсіздігі әрдайым маңызды екенін еске салады.