Астанадағы қолайсыз ауа-райына байланысты Qazaq Air авиакомпаниясы жолаушыларға әуе кемесінің кеш келуі салдарынан рейстердің кешігуі және тоқтатылуы мүмкін екендігі туралы ескертеді.
Qazaq Air өз жолаушыларына смс және электрондық пошта арқылы рейстің тоқтатылғаны немесе кешіктірілгені туралы хабарлайды.
“Метеожағдайлар себебінен рейстерді уақтылы орындамау келесі рейстердің эстафеталық кешігуіне әкеп соғады. Ауа-райы бақыланбайтын құбылыс. Жолаушылардан қазіргі жағдайға түсіністікпен қарауды сұраймыз. Компания жолаушыларды тасымалдау Ережелеріне сәйкес барлық қызметтерді ұсынады”, -деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.