QAZAQ AIR Қызылордаға қосымша әуе рейстерін ашады

QAZAQ AIR әуекомпаниясы 10 қазаннан бастап Астанадан Қызылордаға қосымша рейстер ашады. Енді рейстер аптасына 5 рет канадалық de-Havilland Dash 8-Q400 жаңа генерацияланған әуе кемесінде орындалады:

Сейсенбі, жұма және жексенбі күндері:

IQ 425 Астана (17:15) – Қызылорда (19:10)

IQ 426 Қызылорда (19:40) – Астана (21:20)

Дүйсенбі:

 IQ 425 Астана (18: 00) – Қызылорда (20: 00)

IQ 426 Қызылорда (20:40) – Астана (22:30)

Бейсенбі күндері:

IQ 425 Астана (13:30) – Қызылорда (15:40)

IQ 426 Қызылорда (16:10) – Астана (18: 05)

«Ішкі бағыттар бойынша маршруттарды кеңейту – еліміздің экономикалық дамуына ықпал етіп, жолаушылар үшін әуе тасымалының қолжетімділігін арттырады, сонымен қатар, өңірлер арасындағы байланысты нығайтуға көмектеседі. Жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығы – біздің басты басымдықтарымыз болып қала береді», – деп атап өтті авиакомпанияда.

Билеттерді flyqazaq.com ресми сайтынан, сондай-ақ әуекомпанияның сату кеңселерінде брондауға және сатып алуға болады. 

QAZAQ AIR – Қазақстанда және көрші мемлекеттердің шекаралас аумақтарында өңіраралық әуе қатынасының қолжетімділігі үшін ұйымдастырылған маршруттық желісі бар қазақстандық әуе компаниясы. Ол рейстерді жоғары халықаралық және Ұлттық ұшу қауіпсіздігі стандарттарына сәйкес орындайды. Компанияның хабы Астана қаласында орналасқан.

# # #