«QAZAQ AIR» компаниясында KEGOC акцияларын сатып алуға өтінім беру тәсілдері туралы инфосессия өтті

30 қазанда «KEGOC» АҚ SPO бойынша, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығына инвестициялау мәселелері бойынша жүргізіліп жатқан ақпараттық-түсіндіру науқаны шеңберінде «QAZAQ AIR» АҚ-да «Самұрық-Қазына» Қоры мен «KEGOC» АҚ өкілдерінің қатысуымен инфосессия өтті. Шақырылған спикерлер KEGOC компаниясының қызметі туралы ақпаратпен бөлісті.

«KEGOC» АҚ Қазақстанның электр энергетикалық жүйесінің жүйелік операторы мәртебесіне ие және электр энергиясы секторының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқара отырып, елдегі негізгі магистральдық электр желілерін бақылайды.

KEGOC акцияларын қайталама орналастыруға қатысу үшін жаңа инвесторлардан өтінімдерді қабылдау аяқталғанға дейін тек қана10 күн қалды. SPO-ның екінші кезеңі 16 қазанда басталып, 2 қарашаға дейін жалғасады. Өтінімдерді брокерлер, банктер мен Tabys қосымшалары, сонымен қатар «Қазпочта» АҚ бөлімшелері арқылы беруге болады.

Онлайн кездесу барысында QAZAQ AIR компаниясы қызметкерлерінің акциялардың тиімділігі, дивидендтер, төлем мерзімдері мен мөлшері, сондай-ақ акцияларға инвестициялауды дәстүрлі депозиттермен салыстыруға қатысты сұрақтарына толық жауап берілді. Сондай-ақ тыңдаушылар акцияларды сатып алғаннан кейін инвестициялық портфельді басқару және қор биржасының жұмыс істеуі туралы ақпарат алды.

SPO KEGOC қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімі 2023 жылғы 2 қарашада сағат 18:00-де жабылады.

KEGOC SPO-сы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен 2021-2025 жылдарға арналған Жекешелендіру жоспары шеңберінде және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша экономиканы одан әрі мемлекет иелігінен алу, соның ішінде қосымша эмиссия жолымен мемлекеттік активтерді жекешелендіру есебінен өткізіледі. «Фридом Финанс» АҚ, «Halyk Finance» АҚ және «SkyBridge Invest» АҚ SPO бірлескен үйлестірушілері мен букраннерлері болып табылады. «BCC Invest» және «Jusan Invest» АҚ серіктес андеррайтерлер рөлін атқарады.

# # #