QAZAQ AIR көктемгі-жазғы ұшу кестесіне көшеді

QAZAQ AIR 2023 жылғы 31 наурыздан бастап  көктемгі – жазғы рейстер кестесіне өтеді.

Жаңа маусымда әуекомпания өз маршруттық желісін кеңейтіп, өңірлер мен халықаралық бағыттардың көліктік қолжетімділігін арттыруға ерекше көңіл бөлуде. Бұл жолаушыларға Қазақстан ішінде де, шетелге де ыңғайлы және тиімді әуе қатынасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қазақстан бойынша бағыттар:

Астана – Алматы – Астана

Астана – Ақтөбе – Астана

Астана – Жезқазған – Астана

Астана – Талдықорған – Астана

Астана – Түркістан – Астана

Астана – Қостанай – Астана

Астана – Қызылорда – Астана

Ақтөбе – Атырау – Ақтөбе

Атырау – Орал – Атырау          

Халықаралық рейстер:

Астана — Омбы — Астана

Астана – Новосібір – Астана

Түркістан – Самарқан – Түркістан

Субсидияланған рейстер:

Астана – Петропавл – Астана

Алматы – Көкшетау – Алматы

Түркістан – Қостанай – Түркістан

Түркістан – Қарағанды – Түркістан

Жезқазған – Шымкент – Жезқазған

Жезқазған – Қарағанды – Жезқазған

Омбы мен Новосібірден ұшатын жолаушылар үшін Астанада Алматы, Ақтөбе, Жезқазған, Талдықорған, Түркістан, Қостанай, Қызылорда, Петропавл бағыттарына ыңғайлы түйісу рейстері қолжетімді.

Самарқаннан ұшатын жолаушылар Түркістан арқылы Астана, Қостанай мен Қарағандыға түйісу рейстерімен жете алады.

Билеттерді ресми сайттан flyqazaq.com, авиакомпанияның колл-орталығынан, сондай-ақ сату кеңселерінен сатып алуға болады.

Өңіраралық QAZAQ AIR әуекомпаниясы заманауи канадалық De-Havilland Dash 8-Q400 жаңа буын ұшақтарымен өңірлік бағыттар бойынша сенімді әуе қатынасын қамтамасыз етіп келеді. QAZAQ AIR 2022 және 2023 жылдары беделді ұлыбританиялық Skytrax рейтингісі бойынша «Орталық Азия мен ТМД-дағы ең үздік өңірлік әуе компаниялары» номинациясында үздік үштікке енді.

# # #