«QAZAQ AIR» Қазақстанда жаңа уақыт белдеуінің енгізілуіне байланысты рейстер кестесінің өзгергені туралы хабарлайды

«QAZAQ AIR» әуекомпаниясы Қазақстанда жаңа уақыт белдеуінің енгізілуіне байланысты 2024 жылғы 1 наурыздан бастап рейстер кестесінің өзгергені туралы хабарлайды.

Үкіметтің 2024 жылғы 19 қаңтардағы № 20 қаулысына сәйкес 5-ші сағат белдеуі (UTC +5) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына қолданылатын болады. Сондай-ақ 2024 жылғы 29 ақпаннан 2024 жылғы 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақыт 1 сағатқа (Астана, Алматы, Шымкент қалалары, Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстары) кейін шегеріледі.

Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 29 қаңтарына дейін Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Орал, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Түркістан, Қызылорда, Өскемен, Талдықорған және Жезқазған қалаларына/қалаларынан рейстерге әуе билеттерін сатып алған жолаушыларға ұшу уақыты 2024 жылдың 1 наурызында 00:01-ден бастап (Астана уақыты бойынша) рейс билетте көрсетілген уақыттан 1 сағат бұрын орындалатынына назар аудару қажет.

Ағымдағы жылдың 29 қаңтарынан кейін әуе билеттерін сатып алған жолаушылардың жоғарыда аталған бағыттар бойынша әуе билеттерінде жаңа белдеуге сәйкес уақыт көрсетілгенін атап өтеміз.

Ұшу және келу уақытының өзгеруі туралы ақпарат жолаушыларға SMS-хабарламалар түрінде және әуе билеттерін сатып алу кезінде көрсетілген мекенжайларға электрондық пошта арқылы жіберілді.

Сұрақтар туындаған жағдайда жолаушыларды қолдау қызметіне келесі нөмірге хабарласуыңызды сұраймыз: +7 727 353 1414.

# # #