QAZAQ AIR-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті

Комплаенс мәдениетін ілгерілету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатында QAZAQ AIR әуе акомпаниясының қызметкерлері мен басшылары үшін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Астана қаласы Есіл ауданы прокуратурасы қызметкерлерінің қатысуымен әуе компанияның комплаенс қызметі ұйымдастырған оқыту семинар-кеңесі өткізілді.

Семинар шеңберінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және Есіл ауданы прокуратурасының қызметкерлері мемлекет жүргізіп отырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттарын, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлық туралы хабарлайтын адамдарды мемлекеттік қорғау, оның ішінде олардың еңбек құқықтарын қорғау, өтініш беруші туралы және ол көрсеткен жәрдем туралы ақпараттың құпиялылығына кепілдік беру жөнінде мәлімет ұсынылды.

Әуе компанияның комплаенс қызметі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері, компанияның мінез-құлық кодексінің ережелері мен талаптары туралы оқыту жүргізді. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға және анықтауға бағытталған шаралар, практикалық мысалдар келтіре отырып, мүдделер қақтығысы жағдайын реттеу тәртібі түсіндірілді. Сондай-ақ, қызметкерлерге және өзге де мүдделі тараптарға белгілі болған кез келген фактілер, сыбайлас жемқорлық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік және қызметкерлер немесе компания қызметкерлеріне қатысты жасаған өзге де құқық бұзушылықтар туралы құпия немесе жасырын хабарлауға мүмкіндік беру мақсатында құрылған құқық бұзушылықтар туралы ақпараттандыру тәсілінің (жедел желі) жұмыс істеу тәртібі жайында ақпарат ұсынылды. Іс-шара барысында қызметкерлердің сұрақтарына толық жауап берілді.

Семинар-кеңестің қорытындысы бойынша компания басшылығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін арттыру үшін парасаттылық идеологиясы мен мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын және қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру шеңберінде жүйелі шаралар қабылдауға және қойылған міндеттерді тиімді орындауға жауапты көзқарас қажеттігін атап өтті.

# # #