QAZAQ AIR әуе компаниясы 1 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары арасында ұшуларды қайта бастады. 5 мамырдан бастап Нұрсұлтан қаласынан Петропавл, Семей,Қызылорда және Өскемен қалаларына рейстер басталады.
Әуе компаниясы көліктерінде Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің барлық талаптарын қатаң сақтайды,сондай-ақ Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) арнайы ұсынысын басшылыққа алады.
Әуе компаниясы жолаушылар алдындағы барлық жауапкершілікті сезінеді және мемлекеттік органдар тарапынан қабылданатын барлық шаралар мен талаптардың тиімді екеніне сенеді.
QAZAQ AIR әр ұшудан кейін тазалау құралдарын пайдалана отырып, ұшақтарға тұрақты түрде дезинфекция жүргізіп тұрады. Бұған қосымша жолаушылар креслолары мен дәретхананы тазалау мұқият жүргізіледі.
Әуежайдағы барлық жолаушыларда CAVID-19 тестінің ПТР-нан өткені туралы анықтаманың болуын тексереді және олардың дене қызуын өлшейді.
Әлеуметтік байланыстарды және әуежайда кезек күтуді қысқарту мақсатында Сізден www.flyqazaq.com веб-сайт арқылы алдын ала онлайн тіркеуден өтуіңізді сұраймыз.
Әрбір жолаушының өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету QAZAQ AIR авиакомпаниясының ерекше басымдығы.