Авиакомпания COVID-19 таралуына қарсы тиімді шаралар қабылдауды жалғастырады. Әуе компаниясы көліктерінде Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің барлық талаптарын қатаң сақтайды,сондай-ақ Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) арнайы ұсынысын басшылыққа алады.
Әуе компаниясы гигиенаның қатаң талаптарын – антисептиктерді, қорғаныс маскаларын және қолғаптарды қолдануды қамтамасыз етеді. Ұшу алдында экипаж медициналық тексерістен өтеді, жеке қорғаныс құралдарымен жабдықталған және үнемі COVID-19 сынақтан өтеді.

QAZAQ AIR әр ұшудан кейін тазалау құралдарын пайдалана отырып, ұшақтарға тұрақты түрде дезинфекция жүргізіп тұрады.

Жолаушылар әуе кемесіне әуежай терминалынан автобуссыз отырғызылады. Қызметкерлер ұшаққа тіркелу және отыру кезінде жолаушылар арасында қауіпсіз қашықтықты сақтауды қамтамасыз етеді.

Әрбір жолаушының өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету QAZAQ AIR авиакомпаниясының ерекше басымдығы.