QAZAQ AIR әуекомпаниясы күзгі-қысқы ұшу кестесіне көшеді

QAZAQ AIR әуекомпаниясы 29 қазаннан бастап күзгі-қысқы ұшу навигациясына көшеді. Бұл ұшу кестесі 2025 жылғы 29 наурызға дейін жалғасатын болады.

Жаңа маусымда әуекомпания өз жолаушыларына Қазақстан бойынша ыңғайлы ұшуларды ұсынады. Қысқы навигация кезеңінде QAZAQ AIR 16 бағыт бойынша: оның ішінде 3 халықаралық және 13 ішкі рейстерді орындайтын болады.

Қазақстан бойынша бағыттар:

Астана-Алматы-Астана

Астана-Ақтөбе-Астана

Ақтөбе – Атырау-Ақтөбе

Атырау-Орал-Атырау

Астана-Талдықорған-Астана

Астана-Қостанай-Астана

Астана – Қызылорда-Астана

Астана-Жезқазған-Астана

Халықаралық рейстер:

Астана-Омбы-Астана

Астана-Екатеринбург-Астана

Астана-Новосибирск-Астана

31.12.2024 жылға дейін орындалатын субсидияланған рейстер:

Астана-Петропавл-Астана

Алматы-Көкшетау-Алматы

Ақтөбе-Түркістан-Ақтөбе.

Түркістан-Қостанай-Түркістан

Жезқазған-Шымкент-Жезқазған

QAZAQ AIR аймақаралық әуе тасымалдаушысы жаңа генерацияланған de-Havilland Dash 8-Q400 заманауи канадалық ұшақтарында аймақтық бағыттар бойынша қауіпсіз әуе қатынасын қамтамасыз етеді. Естеріңізге сала кетейік, QAZAQ AIR халықаралық Skytrax рейтингісі бойынша биылғы жылы Орта Азия және ТМД елдері арасында үздік үштікке енді.

Билеттерді flyqazaq.com ресми сайтынан, сондай-ақ әуекомпанияның сату кеңселерінде брондауға және сатып алуға болады. 

* QAZAQ AIR әуекомпаниясы алдын ала ескертусіз кез келген уақытта пакетті/тарифті өзгерту/тоқтату құқығын өзіне қалдырады.

# # #