7 жыл қатарынан QAZAQ AIR әуекомпаниясы өзінің жолаушылар ағынының рекордтық өсімін көрсетуде. 2021 жылы әуекомпания 570 мың адамды тасымалдады, бұл 2020 жылдан 32% – ға артық. Әуекомпанияның маршурттық желісі 35 бағытты қамтиды.
Әуекомпанияның есепті кезеңдегі кірісі 2020 жылмен салыстырғанда 67% – ға өсіп, 12,7 млрд теңгені құрады.
2021 жылы бекітілген аудиттелген қаржылық есептілікке сәйкес EBITDA көрсеткіші 472 млн теңгеге жетті, бұл әуекомпанияның алатын түсім есебінен барлық ақшалай шығыстарды дербес жабуын растайды.
Осылайша, 2021 жылы QAZAQ AIR әуекомпаниясының өз шығынын өзі өтеуі бойынша үш жылдық бизнес-трансформация циклі аяқталды.
Іске асырылған негізгі жобалар: техникалық қызмет көрсету бойынша жеке базаны сертификаттау және флотты Қазақстанда қайта тіркеу, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар субсидияланатын және шекара маңындағы халықаралық әуемаршруттарға қызмет көрсете отырып, Нұр-Сұлтанда хабы бар жаңа маршруттық желіні іске қосу.
2021 жылы QAZAQ AIR авиакомпаниясы IOSA өндірістік қауіпсіздігінің халықаралық стандартына сәйкестігін кезекті рет растады, сонымен қатар ИАТА әуе транспортының халықаралық қауымдастағының ресми мүшесі болып табылады.
Қазақстан Республикасында өңіраралық әуетасымалдардың қауіпсіздігі мен қолжетімділігін арттыру QAZAQ AIR әуекомпаниясын стратегиялық дамытудың негізі болып табылады.