QAZAQ AIR әуекомпаниясы кезекті рет Орталық Азия мен ТМД ның үздік өңірлік авиакомпанияларының үштігіне кірді

Қазақстанның өңіраралық әуетасымалдаушысы QAZAQ AIR кезекті рет Skytrax 2024 World Airline Awards – «Орталық Азия мен ТМД-дағы үздік өңірлік әуекомпания» халықаралық сыйлығы номинациясында үштікке кірді.

«Біз Орталық Азия мен ТМД-дағы жолаушыларымызға QAZAQ AIR әуекомпаниясының нәтижесін жоғары бағалағаны үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.

Әуетасымалдау қызметтерін пайдаланушылар әуекомпаниялардың сайттарын, рейстерге тіркелу мен қонуды, борт салонының тазалығын, бортсеріктердің сыртқы келбеті мен қызмет көрсетуін, тамақтану сапасын, креслолардың жайлылығын және т.б. Факторларды бағалады. Аталған номинацияда біз Әзірбайжан мен Өзбекстанның ұлттық әуетасымалдаушылары нан кейінгі орынға ие болдық. Бұл – біздің жоғары білікті мамандарымыздың нәтижелі жұмысының көрсеткіші деп білеміз. Біздің мақсатымыз – өңіраралық әуетасымалдау қызметтерін одан әрі жақсарту, сондай-ақ ішкі рейстерді халықаралық стандарттарға сай орындауға бар күшімізді саламыз», – деп атап өтті «QAZAQ AIR» АҚ Басқарма төрағасының м.а. Әділбек Өміралиев.

Skytrax World Airline Awards бейресми «Авиациялық Оскар» мәртебесіне ие. 1999 жылдан бастап оны жыл сайын Ұлыбританияның Skytrax консалтингтік агенттігі – әуекомпаниялар мен әуежайлардың қызмет сапасының жетекші жаһандық бағалаушысы марапаттайды. Бүкіл әлем бойынша саяхатшылар сыйлықтың жеңімпаздарын анықтау үшін әуекомпаниялардың жолаушыларды қанағаттандыруы туралы ең үлкен сауалнамаға қатысады. Сауалнама жүргізу және марапаттау бойынша барлық шығындарды Skytrax төлейді, әуекомпаниялар тіркеу жарналарын төлемейді. Жолаушыларға онлайн сауалнама 2023 жылдың қыркүйегінен 2024 жылдың мамырына дейін ағылшын, француз, испан, орыс, жапон және қытай тілдерінде жүргізілді. Сауалнамаға 100-ден астам елдің жолаушылары қатысып, 350-ден астам әуекомпанияның қызметін бағалады.

# # #