Іріктеу авиацияда тәжірибесі жоқ және тәжірибесі бар үміткерлер арасында жүргізіледі.
Талаптар:
– 18 жасқа толған орта арнаулы немесе жоғары білім деңгейі болуы;
– қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін деңгейде білу;
– жоғары коммуникативті дағдыларды меңгеру;
– байсалдылық, ұстамдылық, жанжалды жағдайларды шеше білу;
– дененің корінетін бөліктерінде татуировка мен пирсингтің болмауы
Жұмысқа қабылдау 24 шілдеде сағат 9:00, Нұр-Сұлтан қаласы Мәңгілік ел көшесі 20, С блогы, 6-қабат мекенжайы бойынша өтеді. Өзіңізбен бірге түйіндемеңіз бен жеке куәлігіңізді алып келуіңіз керек.