QAZAQ AIR әуекомпаниясы бірқатар өңірлердегі су тасқыны жағдайына байланысты билеттерді толық қайтаруға немесе қайта брондауға рұқсат береді

QAZAQ AIR әуекомпаниясы еліміздің бірқатар өңірлеріндегі су тасқыны жағдайына байланысты Ақтөбе, Атырау, Орал, Петропавл, Қостанай қалаларынан/қалаларына билеттер сатып алған жолаушыларға билеттерді толық қайтаруға немесе қайта брондауға рұқсат береді.

«QAZAQ AIR Қазақстандағы су тасқынына 1 сәуірден 21 сәуірге дейін рейстерге сатып алынған әуе билеттерін жоғарыда көрсетілген бағыттар бойынша 31 мамырға дейін қоса алғанда рейстерге айыппұл ұстамай қайта брондау және билет құнын толық қайтару мүмкіндігін ұсынады», – деп атап өтті әуетасымалдаушының баспасөз қызметі. Таңдау бойынша жолаушылар тасымалдау құнын мәжбүрлі түрде қайтаруды ресімдей алады немесе ұшу күнін маршрутты сақтай отырып, 31 мамырға дейінгі кез келген күнге ауыстыра алады.

QAZAQ AIR су тасқынынан зардап шеккендердің барлығына терең түсіністікпен қарайды және ел үшін осы қиын кезеңде қолдан келгенше көмек пен қолдау көрсетуге ниетті.

# # #