QAZAQ AIR әуе компаниясының тарихында әйелдер экипажы алғашқы рейсін жасады

QAZAQ AIR әуе компаниясының ұшағы тарихи рейс жасады: De-Havilland Dash 8-Q400 әуе кемесінің экипажы толығымен әйелдерден тұрды. Командир Екатерина Сверчкова мен екінші ұшқыш Ажар Несіпбаеваның басқаруымен авиалайнер Астана – Петропавл – Астана және Астана – Омбы – Астана бағыттары бойынша ұшудың екі секторын орындады. Әуе кемесінің командирі, екінші ұшқыш және 2 бортсерік – бүкіл экипаж 4 әйел адамнан тұрды.

Екінші ұшқыш Ажар Несіпбаева өзінің Instagram парақшасында ұшақ кабинасында гендерлік айырмашылықтар жоқ деп жазды. «Командир бар, екінші ұшқыш бар. Әркім өз міндеттерін орындайды және өз ісін біледі. Кеше біз өте әдемі және бақытты күй кешіп, жұмыс істедік. Жолаушылардың көпшілігі таңқалыстарын жасырмады. Қуаныш пен эмоцияға бай, ерекше рейс болды», – деп бөлісті ол эмоцияларымен және әдемі фотосуреттерімен.

QAZAQ AIR компаниясының алғашқы ұшқыш қызы Екатерина Сверчкова авиакомпанияға 2018 жылы, небәрі 21 жаста болған кезінде келді. Оның тәжірибесі мен біліктілігі жеткілікті. Екатерина өзінің алғашқы рейсін небәрі 16 жасында орындады.

«Менің авиацияға деген сүйіспеншілігім парашютпен секіруден басталды. Мен бұл іспен 6 жыл айналыстым. Онда мен авиациямен және ұшақтармен жақынырақ таныстым. Мен өз күшімді жеке ұшқыш ретінде сынап көруді шештім және азаматтық авиацияға деген сүйіспеншілігім оянды», – деп еске алады ол.

Екатеринаның айтуынша, ол авиацияда ешқашан гендерлік стереотиптерге тап болған емес: «Мен әріптестеріме ризамын. Барлығы бір-біріне асқан мейіріміділікпен қарайды, үнему көмек қолын созуға дайын. Тамаша ортада өз біліктілігімді арттырып келемін».

Ол ұшқыштардың жұмыс уақыты оңай емес екенін айтты. Бос уақытында ол күш-қуатын қалпына келтіреді, тынығып, йогамен айналысады және жазғы кештерде серуендегенді ұнатады.

# # #