6 желтоқсанда Атырау әуежайына қону кезінде QAZAQ AIR әуе компаниясы ұшағының қанатына құс тигені анықталды. De-Havilland Dash 8-Q400 әуе кемесі Орал – Атырау 422 рейсін орындаған болатын. Қону штаттық режимде жүргізілді. Ұшудан кейінгі инспекция жүргізілгеннен кейін әуежай мен әуе компанияның барлық тиісті қызметтері ұшақтың зақымданғаны туралы хабардар етілді. Қазіргі уақытта QAZAQ AIR зақымдану бөлшектерін зерттеп, техникалық ақауларды жөндеуде.