QAZAQ AIR Астанадан Шымкентке қосымша рейстерді іске қосады

Астана күні қарсаңында QAZAQ AIRәуекомпаниясы 6 шілдеден бастап келесі кесте бойынша Астанадан Шымкентке қосымша рейстер ашады:

IQ 427 Астана 18: 35-Шымкент 20: 30

IQ 428 Шымкент 21:20-Астана 23: 20.

Естеріңізге сала кетейік, QAZAQ AIR әуе компаниясының негізгі стратегиялық мақсаты – ішкі өңірлік маршруттарды дамыту, әсіресе сұраныс жоғары бағыттар бойынша әуе қатынасын жолға қою болып табылады. QAZAQ AIR өз жолаушыларына қолжетімді әуе көлігімен Қазақстан аумағы бойынша жылдам және ыңғайлы саяхаттау мүмкіндігін ұсынады.

# # #