QAZAQ AIR Астанадан Ақтөбеге қосымша әуе рейстерін ашады

QAZAQ AIR әуекомпаниясы 10 қазаннан бастап Астанадан Ақтөбеге күнделікті рейстерге келесі кесте бойынша қосымша ұшуларды енгізіледі:  

Сейсенбі және бейсенбі күндері:

IQ 385 Астана (07:45) – Ақтөбе (09:50)

IQ 386 Ақтөбе (10:30) – Астана (12:20)

Ақтөбеден Астана арқылы Қызылорда, Новосибирск, Екатеринбург, Омбы және Қостанай қалаларына қосылатын рейстер арқылы саяхаттауға болады.  

«Ақтөбенің географиялық орналасуы өте тиімді. Қала Орталық, Оңтүстік-Шығыс Азия мен Еуропа арасындағы маңызды жолаушылар бағыттарының қиылысу нүктесі болып табылады. Рейстердің ұлғаюы – әуе көлігі тасымалының қолжетімділігін арттырып, елдің ішкі туризмін дамытуға ықпал етеді», – деп атап өтті әуекомпанияда.

Билеттерді www.flyqazaq.com ресми сайтынан, сондай-ақ әуекомпанияның сату кеңселерінде брондауға және сатып алуға болады. 

Естеріңізге сала кетейік, QAZAQ AIR халықаралық Skytrax рейтингісі бойынша биылғы жылы Орта Азия және ТМД елдері арасында үздік үштікке енді.

# # #