Алакөлде жазғы маусымның ашылуы: Алматы мен Астанадан Үшаралға әуерейстер орындала бастады

QAZAQ AIR әуекомпаниясы 20 маусымнан бастап келесі туристік бағыттар бойынша маусымдық рейстерді орындай бастады: Астана – Үшарал – Астана және Алматы – Үшарал – Алматы.

Рейстер аптасына 4 рет (сейсенбі, бейсенбі, жұма, жексенбі) кесте бойынша орындалады:

IQ 391 Астана (12:55) – Үшарал (14:40)

IQ 392 Үшарал (10:20) – Астана (12: 00)

IQ 403 Алматы (08:35) – Үшарал (09:50)

IQ 404 Үшарал (15:10) – Алматы (16:30)

“Алакөл көлі-жазғы маусымда қазақстандық туристердің ең танымал бағыттарының бірі. Біздің әуекомпанияның ұшу бағдарламасы ішкі рейстерді дамытуға бағытталған және Қазақстан облыстарының әлеуметтік-экономикалық әлеуетін ашуға, сондай-ақ туризмді дамытуға ықпал етеді”, – деп атап өтті әуекомпанияда.

QAZAQ AIR жолаушыларға таңдау үшін үш тарифті ұсынады: “жеңіл”, мұнда 5 кг-ға дейін қол жүгін тасымалдау, “оңтайлы” және “ыңғайлы”, оған 23 кг-ға дейін багаж кіреді. Ресми сайт www.flyqazaq.com арқылы билеттерді рәсімдеу кезінде, борттағы орынды алдын-ала брондауға, багажды немесе қол жүгін көбейтуге, борттық тағамға тапсырыс береаласыз.

Ұшулар жаңа генерацияланған de-Havilland Dash 8-Q400 канадалық әуе кемесінде орындалады. Билеттерді flyqazaq.com  ресми сайттан брондауға және сатып алуға болады, сондай-ақ әуекомпанияның сату кеңселеріненде алуға болады.

# # #