Өскеменнен ұшатын жолаушылар үшін маңызды ақпарат

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша Шығыс Қазақстан облысынан әуе жол көлігімен шығуы үшін COVID-19 теріс нәтижесі бар ПТР тестілеуінен өткендігі туралы анықтаманың міндетті түрде болуы қамтамасыз етілуін (берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспайтын)

Бұл шешім Өскемен – Нұр-Сұлтан және Өскемен – Алматы рейстерімен ұшатын QAZAQ AIR жолаушыларына қатысты.

Осы талапқа жауапкершілікпен қарауды өтінеміз. COVID-19 үшін ПТР тестілеу сертификатын ұсынбастан, жолаушыға Өскеменнен ұшуға рұқсат берілмейді.

Әрбір жолаушының өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету QAZAQ AIR ерекше басымдығы

# # #