Осыдан тура бір жыл бұрын, 8 маусымда Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (ИАТА) NQZ жаңа кодын алды. Сол уақыттан бастап, әуебилеттерді броньдаудың барлық жүйелерінде әуежайдың NQZ жаңа коды пайдаланылып келеді, және басқа әуежайлардан ұшып шыққан жолаушылар оны билеттерде, отырғызу талондарында және жүк биркаларында көре алады.
Осы атаулы күнге орай, сондай-ақ әуежайдың 90 жылдығына байланысты “авиаторлар аллеясының” ашылуы өтті. Іс-шараға авиация ардагерлері, әуекомпаниялар, кеден қызметі, шекара қызметі, кәсіподақ және БАҚ өкілдері қатысты. Бұл күні жыл сайын осы аллеяға ағаш отырғызу дәстүрге айналмақ.
Айта кету керек, өткен жыл әуежай үшін үлкен сынақ жылы болды. COVID-19 пандемиясы және халықаралық жолаушылар тасымалдарының апатты құлдырауы жағдайында жүк және транзиттік рейстерге қайта бағдарлау жүргізілді, қысқартуларға жол берілмеді және барлық өндірістік персонал сақталды. Авиация саласында үлкен тәжірибесі бар жаңа өндірістік команда құрылды.
Карантиндік іс-шараларды қамтамасыз ету, жолаушылар мен персоналды коронавирустық инфекциядан қорғау бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. Жылуға ден қоюды бақылаудың автоматты жүйесі, әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін белгілеу орнатылды, бетперде тағу режимі енгізілді, кіретін және шығатын жолаушылар топтары үшін бөлу тосқауылдары қойылды, халықаралық рейстер жолаушыларына сауалнама жүргізілуде, шетелден келетін елорда қонақтары үшін ПТР-тесттің болуы талап етіледі, әуежай ғимаратына өту Ashyq қосымшасы арқылы жүзеге асырылады. Жолаушылар мен елорда қонақтарына ыңғайлы болу үшін GrinLab тестілеу орталығында ПТР және ИФТ әдістерімен covid-19 коронавирустық инфекциясына тестілеуден өту қызметі қолжетімді.