Наурызнама: QAZAQ AIR барлық бағытқа 15% жеңілдік жариялайды

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында QAZAQ AIR әуе компаниясы билеттерге 15% жеңілдік акциясын жариялайды.

Мерекелік  жеңілдік субсидияланған рейстерден басқа барлық бағыттарға беріледі. Акция шарты бойынша қолданыстағы тарифтерге 15% жеңілдік қарастырылады.

Жеңілдікпен ұшу мерзімі – 2025 жылғы 1 сәуірден 26 қазанға  дейін. Билеттерді тек 21-22 наурыз аралығында flyqazaq.com ресми сайтында брондауға және сатып алуға болады.

«Наурыз – бұл көктемнің, жаңарудың және жаңа бастамалардың мерекесі. Біз жолаушыларымызға саяхаттауды одан да ыңғайлы және тиімді ететін мүмкіндік сыйлауға қуаныштымыз. Бұл мереке әр шаңыраққа береке, бақыт пен тыныштық әкелсін», – деп атап өтті әуекомпанияда.

Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

QAZAQ AIR канадалық заманауи De-Havilland Dash 8-Q400 ұшақтарымен ішкі және халықаралық рейстерді орындайды. Сонымен қатар, жоғары қауіпсіздік пен жайлылық деңгейін қамтамасыз етеді.

# # #