Қазақстан бойынша әуекомпанияның рейстеріне билет алу үшін сату орталықтарында 1500 теңге көлемінде комиссиялық алым енгізілді.
Комиссиялық алымның шарттары:
- Комиссиялық алым әуе тасымалды сатып алу кезінде әуекомпанияның сату офистерінде алынады;
- Комиссиялық алым әуе тасымалды сатып алу кезінде әрбір жолаушыдан жеке алынады;
- Комиссиялық алым әуе тасымалды сатып алу кезінде ғана алынады. Бронды өзгерту немесе қайтару кезінде комиссиялық алым алынбайды;
- Комиссиялық алымдар қайтарылмайды;
- 2 жасқа дейін сәбилерден комиссиялық алым жоқ;
2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап рейстер үшін 2020 жылдың 8 желтоқсанынан бастап әуе билетін сатып алған кезде веб-сайт қызметі және эквайринг ақысы билеттерді сатып алудың жалпы бағасынан 3%, оның ішінде авиабилеттерді, әуежайды және авиакомпания алымдарын қосқанда алынады.
Flyqazaq.com сайтындағы комиссиялық алым ақысы қайтарылмайды
Ресей Федерациясындағы жолаушылар тасымалын брондау және сату жөніндегі уәкілетті агент, оның ішінде қосымша қызметтер (кеңейтілген қол жүгін тасымалдау және т. б.) “ТРАНСАЭРО СЕРВИС” ЖШҚ (Агент) болып табылады.
Агент сервистік алымды есептеуге құқылы:
- тасымалдаушының субсидияланған бағыттары (онлайн/офлайн сату) бойынша әуебилеттерді сатуды қоспағанда, тасымалдаушының ҚЕБ, ЭКҚ ресімделген рейске тіркелу басталғанға дейін сатылған әрбір әуебилет үшін агенттің ішкі актісінде айқындалған мөлшерде;
- тасымалдаушының рейсіне тіркеу кезінде № 1 кестеде көрсетілген мөлшерде әрбір ресімделген ЭКҚ, ҚЕБ үшін.
№1 кесте.
Қызмет құны, RUB | Комиссия сомасы, RUB |
1-ден 999-ға дейін | 300 |
1000-нан 1999-ға дейін | 500 |
2000-нан 2999-ға дейін | 1 000 |
3 000 және одан жоғары | 1 500 |
Әуебилеттерді, қосымша қызметтерді сатып алуға, айырбастауға, қайтаруға байланысты мәселелер туындаған жағдайда төменде көрсетілген байланыс деректері бойынша жүгінуіңізді өтінеміз:
Эл. пошта: agency@prim-air.com
Тел.: +7 922 105 80 09 (шетелден қоңырау шалу үшін)
Тел.: 8 800 101 69 92 (Ресей Федерациясының ішіндегі қоңыраулар үшін)
Жұмыс кестесі: 24/7