Қостанайға ұшқан QAZAQ AIR әуе компаниясының ұшағы Астанаға оралды

28 желтоқсанда Астана-Қостанай бағыты бойынша IQ367 рейсі жоспар бойынша Астанадан сағат 15:25-те ұшуы тиіс еді. Техникалық ақауларға байланысты жоспарланған рейс 4 сағат 35 минутқа кешіктірілді. Бұдан әрі сағат 20:12-де мұздануға қарсы сұйықтықпен өңдеу шарасы өткізілді. Ол аяқталғаннан кейін ұшақ Қостанайға сағат 20:27-де ұшты. Алайда техникалық себептерге байланысты ұшақ ұшу әуежайына оралды. Техникалық қызмет көрсету базасының Астанада орналасуы себепті экипаж бортты қайтару туралы шешімді қабылдады. Ұшақ техникалық тексеруден өтуде.

Межелі бағыт бойынша рейстің ұшуы 29 желтоқсанда сағат 00.40-та әуе компанияның басқа ұшағында жоспарланған.

Аталған рейстің жолаушыларына Жолаушыларды тасымалдау Ережелеріне сәйкес сергітетін сусындар, тамақ, тегін қайта брондау немесе билеттерді 100% қайтару ұсынылды.

QAZAQ AIR әуе компаниясы жолаушылардан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды. Қауіпсіздік – әуе компанияның басты басымдығы және біз барлық халықаралық стандарттарға сәйкес жұмыс істейтінімізді хабарлаймыз.

# # #